1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет56/57
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#113761
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Дәріс тезистері

Іс-әрекеттік бағдар. Іс-әрекеттік тұрғыда адам көп жағдайда әлеуметтік орта талаптарына сай іс-қимыл танытады. Ол оның шынайы өзіндік бағалауы мен ой-тұжырымдарына сәйкес болмауы мүмкін. Кейде, өз-өзіне сенімсіз адам көпшілік алдында өзін тым еркін ұстап, өз-өзіне сенімді кейіп танытуы мүмкін. Бұл ішкі үрейлерді гиперкомпенсация деп атайды, яғни ол адам сол орта талаптарына сай ішкі үрейлерін жасырып, қалаулы іс-әрекет танытады. Дегенмен, адамның ішкі «Мен» бейнесінің өмірдегі табыстылығына әсері өте зор.
Сондықтан, имидж қалыптастыру адамға өзін-өзі қайта жағымды бейнеде қабылдау болып табылады.

  1. Енді, «имидж неден құралады?» - деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Алдымен дәл қазір өз имиджіміз туралы ойланып көрейік. Қолыңызға қағаз бен қалам алып, келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

  1. Айналаңыздағы адамдар сізді қандай сырт пішініңізден тани алады?...

  2. Сіздің не айтқаныңызға және қалай айтқаныңызға байланысты адамдар Сізді қалай анықтайды?...

  3. Ым-ишара (жесты), пластика, жүріс-тұрысыңыздың қандай ерекшеліктері айналаңыздағыларға Сіз туралы ақпарат береді?....

  4. Сіз ұстайтан қандай заттар Сізді айқын сипаттайды?...

  5. Қандай іс және қалай істегеніңіз бойында адамдар Сізді анықтай алады?...

Бұл сұрақтарға жауап іздеу оңай болды ма немесе қиынға соқты ма?
Егер қиындықтар туындаған болса, сіз дұрыс бағытта келесіз! Себебі сіз өз-өзіңізді тану саяхатына аттандыңыз! Осы сұрақтарға толық жауап тапсаңыз, ары қарай өзіңіздің имиджіңізді берілетін ақпарат бойынша қалыптастыру қиындық туғызбайды.
Имиджді құрайтын құбылыстар:

  • Вербалды имидж: тіл байлығы, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы. Сөз әрқашан сенімді, мазмұнды және ой толғатарлық болуы қажет;

  • Материалдық имидж: гаджеттер, көлік (машина), пәтер (квартира), интерьер және т.б.

  • Кинестетикалық имидж: еңсе, жүріс-тұрыс.

  • Ым-ишара: күлкі (жымию), қабақ түю, байсалдылық таныту. Әр адам нақты бір эмоция білдірген кезде, өзінің түр-келбеті қалай өзгеретінін жан-жақты білуі қажет.

  • Сыртқы келбет: шаш үлгісі, киім, макияж. Шаш пен тырнақ күтімі, макияждың уақыт пен жағдайға сай болуы өте маңызды.




Алдыңыздағы адам туралы пікір алғашқы 30 секунд ішінде қалыптасады деген түсінік бар. Бұл дегеніміз, алғашқы 30 секунд ішінде өзіміздің кім екендігімізді таныта білуіміз қажет. Сіздің бейнеңіз аяқасты, тұрақсыз болмасын. Алдын ала өзгелерге өзіңіздің қай сырыңызды танытқыңыз келеді, шынайы болмысыңыз қандай екенін анықтап алыңыз. Жасандылық тез анықталып, сіздің абыройыңызды төмендетуі мүмкін.


Түпкі түйін:Сонымен, бүгін біз имидж дегеніміз не, оның қандай түрлері мен мақсаттары бар, ол «Мен» бейнесіне қалай қатысты, және оны қалыптастыру үшін нені білу қажет екендігі туралы сөз қозғадық.
Дәріске берілген тест сұрақтарын орындап, өз біліміңізді бағалаңыз.
Атыңызға затыңыз сай жүрсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет