2-модуль 25. Саны көп бақылауларды бар тура өлшеулерді статистикалық өңдеу дегенді қалай түсінесіз. Өлшеулер нəтижелерін статистикалық өңдеу көптеген əдеби көздерде қарастырылған. Статистикалық өңдеуді дұрыс орындау үшін метрологиялық нормативтік құжаттар талаптарын қатаң сақтау керек.
Өлшеулер нəтижелерін статистикалық өңдеуге дайындау «өлшеулер нəтижелерін түзетуге» негізделеді. Максимум – өлшеулер нəтижелерінен барлық жүйелі қателіктерді алып тастау керек, минимум – айнымалы жүйелі қателіктерді жою қажет. Ескеретін жайт, кез келген қателікті жою абсолютті болмайды; нəтижелер құрамында анықталмаған жүйелі қателіктер болуы мүмкін, сонымен қатар əрқашан жүйелі қателіктердің жойылмаған қалдықтары қалып қояды.
Бір физикалық шаманың тең таралған тура өлшеулерінің түзетілген нəтижелерін статистикалық өңдеу тəртібін қарастырайық:
1. Орташа арифметикалық мəнді есептеу (өлшеулер нəтижелерінің нүктелік бағасын анықтау):
2. Бақылау нəтижелерінің орташа арифетикалық мəнінен Vi ауытқуларын есептеу:
3. Бақылау нəтижелерінің орташа квадраттық ауытқуының бағасын есептеу:
4. Эмпирикалық жəне теориялық таралулардың үйлесімділігін шарттары арқылы тексеру. n>50 болған кезде таралудың қалыптыға жататындығын тексеру үшін негізінен Пирсон шартын (c2 ) немесе Мизес - Смирнов шартын (w2 ) қолданған жөн. 50>n>15 кезінде таралудың нормалдыға жататындығын тексеру үшін құрама шартты қолданған жөн (қабылданған шартты белгілеу − W).
Шарттар бойынша тексерулерді маңыздылық деңгейі q 10 % -дан 2%-ға дейін болғанда жүзеге асырады. Маңыздылық деңгейінің қабылданған мəндері өлшеулерді орындау əдістемесі мен өлшеу нəтижелерін өңдеу əдістемелерінде көрсетіледі. n≤15 кезінде таралудың қалыпты екеніне тексеру жүргізілмейді, ал сапалық бағалауды кездейсоқ шаманың таралу түрі (заңы) туралы априорлы ақпарат негізінде құрастырады, бұл кейінірек сəйкес сандық бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
5. Дөрекі қателіктері бар нəтижелерді статистикалық тексеру. Қателіктердің қалыпты таралуы кезінде қарапайым экстремалды ауытқулардың ақауларын жою үдерісін жүргізуге болады, мысалы, 3S шарты бойынша:
Теңсіздіктің орындалуы тексеріліп жатқан өлшеу нəтижелерінде дөрекі қателіктердің бар екендігін көрсетеді жəне мұндай нəтижелерді алып тастау керек. Егер дөрекі қателігі бар тіпті бір ғана нəтиже анықталса, өңдеу 1-пункттен бастап қайта жүргізіледі.
6. Өлшеу нəтижелерінің орташа квадраттық ауытқуынан бағалауды есептеу (орташа арифметикалық мəнінің орташа квадраттық ауытқуын бағалау):
7. Өлшеу нəтижелерінің қателік мəндерінің шегін есептеу Δ (модуль бойынша):
мұндағы t – Стьюдент коэффициенті, ол n бақылау нəтижелерінің санына жəне қабылданған сенімділік ықтималдылығына (Р) тəуелді; Р – сенімділік ықтималдылығы. Əдетте сенімділік ықтималдылығын Р = 0,95 немесе (ерекше жағдайларда) 0,99 жəне одан да жоғары деп алады. Ерекше жағдайлар – өлшеулер нəтижелері адамдар денсаулығы мен қауіпсіздігіне, экономикалық шығындарға жəне т.б. қатысты болған жағдайлар.
8. Өлшеу нəтижесін (A) бекітілген формада жазу:
мұндағы – бақылаудың барлық сериясына орташа арифметикалық мəн ретінде есептелген өлшеулер нəтижелерінің нүктелік бағасы. Жойылмаған маңызды жүйелі қателіктер бар болған жағдайда өлшеу нəтижесінің қателік шектерінің мəні стандарт талаптарына сəйкес анықтайды.