1-модуль Өлшемдер жүйесін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізін сипаттаңыз


Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі (



бет2/13
Дата25.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#143266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
АНЫҚТАЛМАҒАНДЫҚ СЕССИЯ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі (ҚР МӨЖ) бұл – Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүйесі.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттер және мемлекеттік басқару жүесін құру мен еңгізу үшін салмақты алғышарттар болды:
— біріншіден, өлшеу адам әрекетімен жасалған жаппай өнім болып табылады, және де еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қадағалау, өнім қауіпсіздігі мен сапасын қадағалау, материалдық және энергетикалық құндылық ресурстарының есебі, ауруларды емдеу диагностикасы және т.б. қадағалау шарттары негізінде жыл сайын оларға деген сұраным өседі;
екіншіден, өлшем адам әрекетінің ең негізгісі болып табылады, және оның сапасының талаптары (яғни дәлдікті) үздіксіз өсіп отырады;
— үшіншіден, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы (сату, ғарышты танып білу жөнінде бағдарламаларды бірігіп зерттеу, медицина саласы, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді.
Өлшеу мәліметтерінің дұрыстығы мен нақтылығын жоғарлату мәселесін метрология шешуі керек, және халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылатын оның нәтижелерінің шешімі, мемлекеттік шешу мәселелерінің біріншісі болып қалады.
«Өлшеудің мәліметі» ұғымы – техникалық құралдарды қолдануымен, тәжірибелі жолмен алынған құбылыстардың, процесстердің, өнімдердің, бұйымдардың, материалдар қасиеттерінің өлшемдік сипаттамасы туралы кез-келген мәліметті қамтиды.Өлшеу жолымен алынған мәлімет, халық шаруашылығының барлық дерлік басқару органдарының әрекетіне негізделген. Бірақ бұл өлшем бірлігінің шарты кезіндегі өлшеу мәліметі (өлшеу нәтижесі) оның дәлдік көрсеткіш мәнінің бағалауы мен бекітілген бірлік түрінде берілсе ғана мүмкін .Осының нәтижесінде өлшеу мәліметінің анықтау, қамтамасыз ету бірдейлігі мен дұрыстығына бағытталған метрологиялық әрекет өлшем бірлігін қамтамасыз ету ретінде анықталады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін еңгізер алдында ҚР метрологтары өзінің әрекеттерін өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылған, яғни олар нормаларға сәйкес келетін, мемлекетте бекітілген бірліктер мен олардың метрологиялық сипаттамаларда барлық градуировканы иеленуді қадағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет