ұзындықтары өзгергенде сәулелер қасиеттері де өзгеретінін көрсету.
арттыру.
деген сенімділіктерін жетілдіру.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. II. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
айтқан еді. Оның есептеулеріне қарағанда олардың таралу жылдамдығы жарықтың ауадағы
таралу жылдамдығына тең. Бұл факт жарықтың электромагниттік табиғаты жөнінде дәлел
болды. Г.Герцтің тәжірибелерінен кейін электромагниттік толқындардың жаңа жиіліктегі
түрлері ашыла басталды. Электромагниттік толқындардың әртүрлі диапазондары әртүрлі
жиіліктерімен, толқын ұзындықтарымен ерекшеленеді. Егер бұл жиіліктерді ось бойына
белгілі масштабта орналастырсақ, онда толқындардың шкаласын немесе диаграммасын
аламыз.
Жарнама: Өнеркәсіп пен фирма жетекшілері! Сіздер үшін «Квант» ЖШС төмен жиілікті
тербелістерді қолданудың кең мүмкіндіктерін ұсынады. Оның жиілігі 50-60 Гц, толқын
қолданылады. Бұл двигательдің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар: Жұмыс кезінде не бу, не
түтін, не газ шығармайды; қоршаған ортаны ластамайды. Оларға отын мен су қоры да керек
емес. Олардың пайдалы әсер коэффициенті 98%.
өздеріңіздерде. Біз сіздерді өзіміздің электростанцияда қарсы алуға қуаныштымыз. Біз бүгін
сіздерге айнымалы ток жөнінде айтамыз. Бірінші сөз энергетикте. Энергетик – айнымалы
ток табиғаты, механик – айнымалы ток генераторының құрылысы, инженер – айнымалы
токтың өндірісте, тұрмыста қолданылуы, технолог – әр түрлі электростанциялар жайында
айтады.
2. Радиотолқындар. «СТР» телерадиокомпаниясы.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Сіздер СТР телеарнасы бағдарламасын
м. Радиотолқындар туралы айтпас бұрын радио туралы айтып кетейін.
Орыс физигі А.С. Попов радионы ойлап тапты. Электромагниттік толқындардың көмегімен
сымсыз байланыс жасау мүмкін деп, дүние жүзінде бірінші рет өз схемасында сезгіш
------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 02 наурыз 2016 ж | № 06 (156)
элемент – когерерді қолданып радиоқабылдағыш жасады.
Жүргізуші: Студиямызға бір көрермен қоңырау шалып отыр екен.
-
Алло! Сәлеметсізбе! Қоятын сұрағыңыз?
-
Радиотолқындар туралы айтып берсеңіз
-
Радиотолқындар туралы айтып берсеңіз.
-
Сұрағыңызға рахмет, сау болыңыз.
ІІ – оқушы. Радиотолқындардың қасиетіне келетін болсақ, олар әртүрлі жиілікте және
әртүрлі толқын ұзындықтарына қарай орталарда әртүрлі жұтылады және шағылады,
дифракция және интерференция қасиеттерін көрсетеді. Сәуле шығару көзі – тербелмелі
контур және вибраторлар. Радиотолқындар радиобайланыста, телевидение, радиолокация
қолданылады.
Жүргізуші: Ал енді біздің тікелей эфиріміздің уақыты аяқталды.
3. Инфрақызыл сәуле шығару. «Құс фабрикасы».
Жарнама: Фермерлер мен менеджерлерге, жалпы іскер адамдарға хабарлама!
Құс өсіруде инфрақызыл сәулелер өте тиімді. Егер сіз өзіңіздің балапандарыңызды жоғары
сұраныста болсын десеңіз, оларды инфрақызыл сәулелермен қыздырыңыз.Бұл аурулар мен
вирустардың болмауын, салмағының тез артуын қамтамасыз етеді. Құс өсіруде инфрақызыл
сәулелерді пайдаланыңыздар! Енді «Құс» фабрикасына келген физик – ғалымдардан
инфрақызыл сәулелердің қасиеттерін естиік.
І - оқушы: Физикалық сипаттамасы: Жиілігі -3*10
11
– 4*10
14
Гц.
Толқын ұзындығы - 8*10
-7
-2*10
-3
м.
Инфрақызыл сәулелерді кез – келген қыздырылған дене, тіпті жарықталынбаса да
шығарады. Атомдар мен зат молекуласынан сәулеленеді.
ІІ – оқушы: Инфрақызыл сәулелердің қасиеттері:
1.Кейбір мөлдір емес денелер арқылы өте алады, сондай-ақ жауын, түтін, қар арқылы да
өтеді.
2. Металдардан, үй шатырларынан, ағаш жапырақтарынан шағылады.
3. Химиялық активтілігі аз. Фотопластинаға химиялық әсері бар.
4. Зат жұтыла отырып, оны қыздырады, яғни қатты жылулық әсер етеді.
5. Көрінетін сәуле шығару.
«Сусын» акционерлік қоғамы. Жарнама: Ханымдар мен мырзалар! Ата - апа, бала –
шағалар. Біздің өнеркәсіп шығаратын шырындарды, ішіп көріңіздер. Дәруменге бай
шырындар – салауатты өмір салтының бір маңызды бөлігі. Біздің шырындарды ішкен де
арманда, ішпегенде арманда. Біздің тәтті шырындарымызды ішіңіздер!
(Стаканда жеті түрлі су бар. Стакандағы суды таяқшамен бір жүргізіп, «Спектр» дейді).
«Сусын» өнімдерінің жарнамасын «Спектр» газетінен оқи аласыздар (газетті көрсетеді).
Сіздер спектрдің жеті түрлі түстен тұратынын ұмытпаған боларсыздар. О, бұл сан – қазақ
хлқында сан емес пе? Ақ түс қандай түстерден тұрады. Деген сөз физиканы білмейтін
адамға оғаш болып естілуі мүмкін. Ал осыған жауапты физик – ғалымдардан сұрайық.
І – оқушы: Физикалық сипаттамасы: Жиілігі - 4*10
14
-8*10
14
Гц.
Толқын ұзындығы – 8*10
-7
- 4*10
-7
м.
Иә, жарық дегеніміз не сұрақ барлық ғалымдарды толғандырады. Жарық түскен бетінен
шағылады, дифракция құбылыстарына бейімді. Жарықтан шағылуы өте ертеде белгілі
болды. Архимед жаудың кемесін жою үшін сфералық айнанаы қолданды, ал жарықтың
сынуын б.д. дейінгі 50 ж. Өмір сүрген Клемод алғаш рет байқады. (стакандағы
қарындаштың сынуын көрсетеді.) 16 – 17 ғасырларда көптеген ғалымдар жарықтың
заңдарымен оның табиғатын зерттеді. Олар: Ньютон, Гюйгенс, Кеплер, Юнг, Гук...
(буклетті көрсетеді).
ІІ – оқушы: Жарық бұл электромагниттік толқын екенін 1988 жылы неміс физигі Герц
анықтады. Біздің өмірімізде жарық әртүрлі материалдармен затты бояуда, фотография,
цирктік фокустарда, телевизияда, светомузыкада кездеседі. Жарық көздері табиғи және
жасанды болып келеді. (суретттерді көрсетеді.)
Аспан неге көгілдір?, кемпірқосақ қалай пайда болады? Деген сұрақтарға жауапты
жарықтың физикалық қасиетін білсеңіз ала аласыздар.
5. Ультракүлгін сәулелер. «Шыңбұлақ» сауықтыру кешені.
Жарнама: «Шыңбұлақ» сауықтыру кешеніне келсеңіз, онда сізге, «Соляриге» барудың
қажеті болмайды. (Тұмау мен вирус билеп жүреді. Ультракүлгін сәуле түсірілгенде, олар
жерге құлап түседі. «Бізде дизенфекция ең жоғары дәрежеде өтеді.»).
Ультракүлгін сәулелердің сипаттамасы.
Физикалық сипаттамасы: Жиілігі: 8*10
14
- 3*10
15
Гц
Толқын ұзындығы: 10
-8
– 4*10
-7
м;
Қасиеттері:
1. Химиялық активтері.
2. Көзге көрінбейді.
3. Денеге сіңе алу қабілетінің жоғары болуы.
4. Микроағзаларды өлтіреді.
5. Аз дозада адам ағзасына жақсы әсер етеді. Яғни зат алмасуда, жасушаның дамуында
өзгеріс болады, көзге әсер етеді.
6. Рентген сәулесі. «Рентген» диагностика орталығы.
Жарнама: Осы өткен аптадағы жаңалықтар: көктайғаққа байланысты, адамдар арасында
сүйек – буындарға байланысты жарақат алушылар саны көбейді. Осындай жәйтқа тап
болғандарыңыз Семей қаласындағы «рентген» диагностика орталығына қаралыңыздар деп
кеңес береміз. Онда сіздерді тәжірибелі дәрігер – рентгенологтар күтеді. Анықтама
телефонымыз – 03. Орталықтағы рентген сәуле шығару сипаттамасы мынадай:
Физикалық сипаттамасы: Жиілігі:10
-9
– 10
-11
м;
Толқын ұзындығы: 7*10
16
– 3*10
19
Гц; (рентген қағазын көрсетіп, әңгімелейді).
Сәуле шығару көзі: рентген түтікшесінің көмегі мен алынады: Қысымы 10
-3
- 10
-5
Па болатын вакуумдік түтікшеде электрондар жоғары кернеудегі электр өрісінің көмегімен
үдетіледі, анодқа жеткенде соқтығысып кілт тоқтайды. Тежелген электрондар үдеумен
қозғалады. Және 100 нм-ен 0,01 нм-ге дейінгі ұзындығы бар электромагниттік толқындарды
шығарады. Аурулар диагностикасында сүйектегі және жұмсақ ұлпадағы өзгерістерді
анықтау үшін рентген сәулелері қолданылады.
Сүйектер химиялық құрамы бойынша оларды жауып тұратын жұмсақ ұлпалардан
айырмашылығы бар. Ұлпаларға қарағанда рентген сәулелерін 150 есе күштірек жұтады.
Сондықтан экранда сүйек ақшыл болып көрінеді және ондағы сынған, шыққан, шытынаған
жерлері де айқын көрінеді. Өкпедегі түберкулездік өзгерістер, ісіктер бірден байқала
қоймаса, ауру адамға «барий быламығын» (BaSO
4
) береді, сонда өзгеріс айқындалады.
ІV. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ең соңғы гамма сәуле шығарумен алдағы уақытта осы
11- сыныпта танысамыз. Электромагниттік толқындардың барлық шкаласы, барлық
сәулелердің корпускулалық және толқындық қасиеттері бар екендігіне дәлел бола алады.
Толқын ұзындығы аз болса, кванттық қасиеті, ал толқын ұзындығы көп болса, толқын
қасиеті айқын көрінеді. Сонымен, жарық – бұл толқын ұзындықтары
4*10
-7
–нен 8*10
-7
м-ге дейін болатын электромагниттік толқындар.
V. Үйге тапсырма. Кесте толтыру:
Толқын
диапазоны
Физикалық
сипаттама
Сәуле шығару
көзі
Қасиеттері
Қолданылуы
VІ. Оқушы білімін бағалау.
* * * * * *
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНА АРНАЛҒАН
ДАМЫТУ - ТҮЗЕТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Ақтөбе қаласы № 34 «Таңолпан» МДҰ психологы
Ормаганбетова Шолпан Бимырзақызы
Мақсат: Балалардың мимика, қол – қимылын дамыту, эмоциямен таныстыру, қуаныш
эмоциясының түсінігін беру, балаларды бір-бірімен жақындату, достық қарым – қатынасты
қалыптастыру.
Жоспар:
1. Кел, амандасайық!
2. «Сүйкімді жануар»
3. Көзіңді жұм да, допты ал!
4. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы
5. Эмоциялар
6. Айтамыз және көрсетеміз.
7. Сынып қалған суреттер.
8.
«Кішкентай маймылдар» ойыны.
9. Рефлексия
1. Кел, амандасайық!
- Балалар, күнделікті біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Қане кім айтады? (балалар
амандасу түрлерін айтады).
- Өте жақсы! Ал енді, мен сендерге амандасудың басқа да түрлерін үйретейін, біздің ғана
балабақшамызда амандасуға болады. Сендер қол алып амандасуды білесіңдер, мен бір рет
шапалақтағанымда барлығың бір-біріңмен қол алып амандасыңдар, ал мен екі рет
шапалақтағанда иықтарыңмен амандасыңдар, ал үш рет шапалақтағанымда арқаларыңды
бір-біріңнің арқаларыңа тигізіп амандасыңдар, жарайды ма? Осылайша біз ерекше
амандасып үйренеміз.
2.
«Сүйкімді жануар»
Балалар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады.
- Балалар, біз үлкен сүйкімді жануармыз,- деп жүргізуші бастайды.
Балалар жүргізушінің артынан қайталайды.
- Жануардың дем алғанын тыңдайықшы, - деп бір-бірінің дем алғанын тыңдап, терең
демалады.
- Ал, енді жүрегінің соққанын тыңдайық: бір қадам алға - тук-тук, бір қадам артқа – тук-тук.
Біздің жануарымыз өте мейірімді, сүйкімді. Ол күннің сәу-лесінен алған жылулылықты
бойына жинап, жақсы көңіл-күймен жүреді.
Жарайсыңдар, балалар!
3. Көзіңді жұмда, допты ал! жаттығуы
Балалар шеңбер құрып отырады. Кезек – кезекпен бір – біріне тез-тез допты беріп отырады.
Ойын сайыс түрінде өтеді. Жаттығып болған соң, жаттығуды күрделендіруге болады:
балалар көздерін жұмып ойнайды.
4. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы.
Балалар шеңбер құрып отырады. Балалар жүргізушінің сөзін, қол - қимылымен, мимикасын
қайталау керек.
Екі аю отырды, Балалар отырады
Жұқа – жұқа бұтақта.
Біреуі газет оқыды, Қолдарын алға созып, газет оқыған болады
Екіншісі нан жазды. Нанды жазады
Бір,екі; бір, екі; бір, екі,
Екеуі ұнға құлап түсті. Құлап түседі.
«Төмен», «биік», «мен», «ол», «осы жерде», «сен» деген сөздерді, балалар сөзбен айтпай,
қол-қимылмен көрсету керек
5.
Эмоциялармен танысу.
Балалар, сендер бір күнде әртүрлі көңіл - күйде бола аласыңдар ма? Кейде қуанасыңдар,
ренжеп қаласыңдар, солай ма? Осы әртүрлі көңіл – күйімізді эмоция дейміз. Қуанғанда
қуаныш эмоциясына бөленеміз, ашуланғанда – ашу эмоциясына, эмоцияның көптеген түрі
бар: ашу, реніш, қайғы, қуаныш... Ал, енді балалар айтыңдаршы сендер қай кезде
қуанасыңдар? (Балалардың жауабы).
6.
Айтамыз және көрсетеміз.
Оң қолымды – иыққа,
Сол қолымды – беліме,
Қолдарымды жан-жаққа
Түсіремін төменге,
Оңға бұрыламын.
Сол қолымды – иыққа,
Оң қолымды – беліме,
Қолдарымды көтеремін
Түсіремін төменге,
Солға бұрыламын.
7.
Сынып қалған суреттер.
- Балалар, үстел үстінде әртүрлі көңіл-күйді суреттейтін, бірақ сынып қалған суреттер
жатыр.Қазір біз осы суреттерді жинап, жөндеп қандай көңіл-күй екенін шешейік. Арқашан
көңіліміздің көтеріңкі болып жүргені жақсы емес пе, балалар? Бірақ ол мүмкін емес, бір
жағдайларға байланысты көңіліміз болмауы да мүмкін. Топта бір-біріміздің көңілімізді
қалай көтеруге болады? (Қызықты ойын ойнауға, жылы сөздер айтып, жылы көзбен қарап)
8.
«Кішкентай маймылдар» ойыны.
«Кішкентай маймылдар» ойынын ойнайықшы. Ол үшін барлығың жұпқа бөлініп, біреуің –
маймыл, біреуің – айна болу керексіңдер. «Маймыл» бізге түрлі-түрлі қимылдар жасап
көрсетеді, ал «айна» қайталау керек. Осылайша өзіміздің көңілімізді де көтеріп қалдық.
Жарайсыңдар, балалар!
9.
Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Бүгін біз қандай жаттығулар орындадық, қайсысы сендерге
қатты ұнады?
* * * * * *
---7 --