1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! АлғЫСҚа толы күН



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі4,05 Mb.
#9026
1   2   3   4

Әдебиеттер:

1         Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. – А.: Мектеп, 1989. — 259 б.

2         Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. – А.: Мектеп, 1988. – 128 б.

3                  Әбілқасымова   А.Е.,   Көбесов  А.К.,   Рахымбек   Д.P.,   Кенеш  Ә.С.   Математиканы

оқытудың теориясы мен әдістемесі. — А.: Білім, 1998. — 206 б.

4         Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -А.: Рауан, 1991. — 189 б.

5         Елубаев С, Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. //

Бастауыш мектеп. – 1998. -№6. – Б. 17.

* * * * * *

ЖАҢА БАҒЫТТА БІЛІМ БЕРУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылы

№83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің

орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Азизова Джамиля Зиядуллаевна

Дана халқымыз: «Білім — инемен құдық қазғандай» — деп тегін айтпаса керек. Мектеп

қабырғасында   көп   жылдық   еңбек   тәжірибесі   бар   мұғалім   немесе   жас   маман,   қазіргі

мектептегі   оқулық   ақпаратымен   шектеліп   қалмай,   әр   уақытта   ізденіс   үстінде   болулары

керек.   Елімізде   білім   беруді   дамытудың   2011-2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік

бағдарламасы   жүзеге   асуда.   Бұл   бағдарламаның   негізгі   бағыты   ойлы,   өнерлі,   білімді

тұлғаларды қалыптастыру. 

Қазіргі   мектептер   дайын   білім   беруге   негізделген,   яғни   «дәстүрлі»  стильде   оқытуда.

Яғни,   бұл   дайын   білім   беру   емес,   мұнда   оқушылардың   өздерінің   ізденісі,   қабілеттерін

дамытуы   және   жаңа   идеялар   құра   білуі   маңызды   рөл   атқарады.   Оқуға   арналған   негізгі

материалдар   «Курсалды   тапсырмаларды   орындауға   арналған   нұсқаулық»,   «Мұғалімге

арналған   нұсқаулық»   және   «Мектептегі   тәжірибе   кезінде   орындауға   арналған

тапсырмалар»болып   табылады.   Сабақтарда   қаралатын   негізгі   материал,   ол   «Мұғалімге

арналған   нұсқаулық».   Мұнда   сабақта   қолданылатын   негізгі   мазмұны   жеке   жеті   модуль

түрінде   берілген.   Сабақ   кезінде   осы   жеті   модульге   жеке-жеке   тоқталып,   қарастырылып,

талданып және оны сабақта қалай қолдану жайлы айтылды. Яғни, оқу мен тиімді оқыту

жайлы маңызды ақпараттар берілді. 

Бірнеше ауыл, аудандардан керген мұғалімдер және қала мектептерінен арнайы курсқа

келген   мұғалімдер   сабақ   кезінде   өз   ой-пікірлерімен   бөліседі.   Тренер   сабақты   қызықты,

сапалы, мазмұнды өткізу үшін әр түрлі тәсілдерді қолданды. 

Оқып   жүрген   мұғалімдер   сабақтан   алған   білімдерін   мектептегі   білімдерімен

ұштастырып,   мысалдар   келтіріп,   өзара   пікірталасқа   түседі.   Мұнда   мұғалімдер   өздерін

оқушы ретінде сезініп, ойларын және сабақта алған білімдерін ашық айтты. Әр сабақ сайын

мұғалімдер   топтарға   бөлініп,   постер   құрастырып,   оны   қорғау   арқылы   өзін   және   өзара

бағалауды   дамытып   отырды.   Өз   мамандығым   бойынша   маған   жеті   модульдің   ішінен

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі , «Диалогтік оқыту модулі», «ОүБ және

ОБ»,   «Көшбасшылық»,  «Сн  тұрғысынан  ойлау»  модульдері  ерекше  ұнады.  Өйткені,  бұл

модульдерді   мен   өз   сабағымда   қолдануға   қолайлы.   Бұрынғы   сабақтарымда   басты   тұлға

мұғалімге, ол оқушы тек тыңдаушы, қабылдаушы болатын. Оқушылар бұндай сабақтардың

бірізділігінен жалығып, көздері мұғалімде болғанымен, көңілдері басқа жақта болатын.

Маған   бұл   курстың   сабақ   беру   әдісі,   оқушыны   жеке   тұлға   ретінде   қарап,   өзгеріп,

ұстазбен   тең   сезінуге   тартыншақтанбауға,   өз   ойларын   еркін   жеткізуге,   дарындылық,

көшбасшылық   қасиеттерді   анықтауға   үйрететін   тағы   басқа   әдіс-тәсілдері   ұнады.   Үлкен

серпінмен   мектебіме   оралдым.   Әр   сабағымда   басты   тұлға   —   оқушы   екенін,   мен   тек

модератор (бағыттаушы) болатынымды естен шығармауға тырыстым. Сабағымда оқытудың

жаңа технологиялық стратегиясын қолдану барысында оқушының өзін-өзі бағалау, бақылау,

сөйлеу,   тыңдау   қабілеттерінің   артқанын   байқадым.   Оқыған   курсым   оқушы   -негізгі   ой

шағарушы екенін дәлелдеді. Егеменді еліміздің болашағы алдымызда білім алып отырған

жастар емес пе? Елбасымыз : «Біз білім — ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз

мақсатымызға   жете   алмаймыз.   Барлығы   мектептер,   ал   Қазақстан   үшін   ауыл   мектебінен

басталады» — деген болатын.

* * * * * *



МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

     


Бейнеу  гуманитарлық-экономикалық  колледжі

Педагогика, психология  пәні оқытушысы  Кадирбаева  Зауреш

Алдағы   келешек   өмірге   қажет

мамандықты   таңдау   –   үлкен   өмірге

қадам   басқалы   тұрған   жас

жеткіншектің

 

биік



 

мақсаты.


«Армансыз   адам   қанатсыз   құспен

тең»,–   деп   халық   аузында

айтылғандай, барлық адам баласының

арманы   болады.   Арманшыл   адам

болашақта дегеніне жете алады.

Мамандық   пен  өнерді   әрбір  адам

тек қана өз жүрегінің қалауы мен қабілетіне, бейімділігіне қарай таңдап алады. Әйтсе де,

мынау үлкен өмірге деген бар құштарлық, іңкәрлік атаулы бала кезден бастау алады да,

уақыт   талабына   қарай   саналы   да,   мағыналы   өмірге   ұласады.   Адам   баласы   жас   кезінен

бастап өзінің жүрегі қалаған, сүйген мамандығына қарай икемделіп, бейімделе бастайды.

Терең  білім   алуға   талпынады,   ізденеді,  сол  мамандықта   еңбек   етіп  жүрген  өнегелі  өмір

адамдарынан   үлгі   алып   өседі.   Міне,   сондықтан   да   балалық   шақ   пен   болашақ   үндесіп

жатады. Менің ойымдағы негізгі түйін де, болашағыма апаратын тура жолдағы алғашқы

қадамымды балалық шақта басталды.

Менің де болашақта психолог болсам деген биік арманым бар. Болашағы жарқын әрі

жасампаз елімізге қажетті мұндай ортаны жасайтын тек денсаулығы мықты, дарынды әрі

білімді педагог екені даусыз.

Әрине,   психолог   мамандық–   қызығымен   қоса   қиындығы   да   бар   мамандық.   Осы

мамандықты таңдауыма маған мұғалімдерімнің әсері болды. Ол ұстаздарымның сөздері мен

істері   ұлағаттылыққа,   ізгілікке   үндейді.   Сол   кісілер   бойымызға   кісіліктің   дәнін   еккен

тәрізді.   Адам   өмірі,   оның   ішкі   жан   дүниесінің   әсемділігі,   адам   психологиясының

қалыптасуы,  адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі  ең алдымен білімнің даму деңгейіне

байланысты. Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай — ақ білімге ұмтылған

әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден —

бір   ықпалын   тигізіп,   оларды   өмірге   психологиялық   жағынан   дайындайтын   мектеп

психологы   Бұның   өзі   мектеп   психологының   жұмысы   бүгінгі   таңда   мектепке,   балаға,

мұғалімге, ата — аналар үшін қажет екендігінің дәлелі.

Мектептің педагогикалық ұжымы психологпен тікелей байланыс орната отырып, баланы

түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі   таңда   ешқандай   мектеп   балалардың   жан   дүниесін,   ішкі   сырын,   жеке   басының

тәртібін, олардың ата — анамен, ұстаздармен қарым — қатынасын, балалардың өзара қарым

— қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін

емес.«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла — деп ақын Абай айтқандай әрбір тұлға —

жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын

оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.Қазақта «Тән ауруы жазылар,

жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын

дәрігердің   шипасы   емдесе,   жан   ауруын   психолог   маман   емдей   алады.   Әр   адамның

жүрегіндегі  мұңды  сезіп,  ойды  танып,  дұрыс  жол  сілтей білу,  адамнан тек  мамандықты

талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.

Қазақта   жан   ғылымын   ерте   меңгерген.   Оған   халықтың   даналық   сөздеріндегі   ойлары

дәлел болмақ. Мысалы «Ауруын жасырған ауырмай өледі», «Жақсы сөз — жарым ырыс»,

«Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей» деген мақал — мәтелдер айғақ. Сондықтан әрбір

оқушы бала кезден досын, ұжым мүшелерін, өзі өмір сүрген ортадағы адамдарды құрметтеп

үйренуі қажет. Бүгінгі отбасындағы әр бала тәрбиесі өте күрделі. Себебі, ата — ана көзінің

ағы   мен   қарасындай   балаларын   өзімшілдікке   бейімдеп   тәрбиелеуде.   Баланың   бақытты

болуы, жақсы азамат болғаны, ең алдымен, ата — анаға байланысты. Жұмыстан кейін уақыт

тауып немесе демалыс күндері кейбір әкелер баласын ертіп таза ауада серуендеп балаларын

табиғатты   қорғауға   үйретіп   жатса,   аналары   ас   үйде   қыздарымен   асты   бірге   әзірлеп,

арасында ән салып, сырласып жатады. Осындай ата — анадан баласы үлгі алып өрленбей

ме?Бала өздігінен бала болмайды. Сол үшін баланың санасын оятып, жүрегіне әсер ететін

сөзбен   барша   жақсы   қасиеттерді   ұқтыру   керек.   Сондықтан   баланың   жасына,

қызығушылығына   қарап   оның   ұжымы   жайында   әңгіме   өрбіткен   жөн.   Бала   жан-жағына

қызыға   қарайды,   оның   жаны   таза,   жақсы   сөз   естігісі   келеді,   мейірімді   көздерді   көргісі

келеді.


Мен өз мамандығымды мақтан етемін. Аз ғана еңбек жолымда менің түсінгенім:

психолог — әріптестерінің жанын түсінуші;



психолог – жастардың ақылшысы, сенімді досы;

психолог – еркін ойлы, сезімі нәзік, батыл, қабілетті оқушыны тәрбиелеуші;



психолог – қабілеті төмен оқушыны дамытуға күш жұмсаушы;

психолог – үлкен сезім иесі;



Мен алдыма келген жас ұрпақтың мінезінің қалыптасуына, ішкі және сыртқы күштің

әсер етуіне дұрыс жол сілтесем, нұр үстіне нұр болғанын сезінер едім!

Жантанушы   ретінде   толық   адамға   айналар   тұлғаға   жол   көрсетер   жан   болғаныма

қуанамын.

* * * * * *

 ---11 --



 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 02 наурыз 2016 ж | № 06 (156)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ КӨКЕЙТЕСТІ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТЕОРИЯСЫ, ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

   


Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің

оқытушысы Калдаулетова Айгерим

Білім   –   қоғамды   әлеуметтік-мәдени,   ғылыми   үрдіспен   қамтамасыз   ететін   жоғары

құндылық.   Болашақтың   бүгінгіден   нұрлы   болуына   ықпал   етіп,   адамзат   қоғамы   алға

апаратын   күш   тек   білімде   ғана.   Қазіргі   кезеңде   жалпы   білімнің   міндеті   –   баланың

жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен

қызығуына   қарай   арнайы   әзірлей   білу.   Жасөспірімдердің   шығармашылық   тұлғасының

белсенді   бағытын   оның   тек   сабақтарға   жалпы   қатынасы   және   оның   қажеттілігі   мен

мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру

үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде ғылыми жұмыстар – шығармашылық ізденістің

алғашқы баспалдығы. Қандай да бір ғылыми жұмыстарға қатысқан студенттердің өзіндік

талпынысы, ізденісі болары анық.

Осыған   орай  22.02.2016  жылы   «Педагогикалық   ғылымдардың   көкейтесті   мәселелері:

теориясы,   тәжірибесі   және   болашағы»   атты   Бейнеу   гуманитарлық-экономикалық

колледжінде колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бұл   конференция   Студенттік   ғылыми   қоғамы   мен   жастар   ұйымының   мұрындық

болуымен өткізілді. Мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдырып,

ғылыммен байланысын дамыту. Жас ғалымдардың басын қосқан шараны педагогика және

психология   пәнінің   оқытушысы   Даулетова   Бұрыш   ашып,   «Қазақстан   Республикасы

Президентінің «Қазақстан 2050» – Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Осы   жолдан   айнымай,   жұмыла   жұмыс   жасайық!   ХХІ   ғасыр   еліміздің   дамуы   жолында

белсенділікті, адамзаттың білімі мен денінің саулығына қадам бастаушы» — дей келе, ел

өміріндегі   ғылымның   рөліне   тоқталды.   Пленарлық   отырыста   оқу   ордасының   жас

ғалымдары баяндамалар жасады. Конференцияның секциялық  отырыстарында «Заманауи

білім   берудегі   ақпараттық   технологиялардың   маңызы»,   «Білім   берудегі   жаңа

технологияларды   пайдаланудың   маңызы»,   «Инновациялық   технологияларды   сабақ

үрдісінде қолдану-бүгінгі таңдағы өзекті мәселе» секілді тақырыптар талқыланды.

Конференция   қорытындысы   бойынша   барлық   қатысқан   студенттер   қатысқаны   үшін

Сертификатқа   ие   болса,   «Дене   тәрбиесі   және   спорт»   мамандығының   1-курс   студенті

Данабаев Ә..,«Жаңа ақпараттық –коммуникативтік технологиялар арқылы студенттердің оқу

белсенділігін арттыру», «Математика мұғалімі» мамандығының 4-курс студенті Алтыбаева

А..,«Инновациялық   технологияларды   сабақ   үрдісінде   қолдану-бүгінгі   таңдағы   өзекті

мәселе»,   «Орыс   тілі   мен   әдебиеті   пәні   мұғалімі»   мамандығының   3-курс   студенті

Жақсылықова   Ж..,«Применение   инновационных   технологий   на   уроках   русского   языка   и

литературы   в   условиях   современной   общеобразовательной   школы»   тақырыптарындағы

үздік баяндамалары үшін дипломдармен марапатталды.

* * * * * *



ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Қостанай облысы, Рудный қаласы Ы.Алтынсарин атындағы

Рудный әлеуметтік –гуманитарлық колледжінің 

психология пәнінің оқытушысы Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы

Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім,Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім.

Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім, Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім. Шухрат

Нағыз   ұстаз   болу   -   бақыт   әрі   абырой.   Шындығында,   мұғалім   болу   оңай   болып

көрінгенмен,   ал   нағыз   ұстаз   болу  екінің  бірінің  қолынан  келе   бермесі   анық.   Білім   беру

кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік.

Солардың бірі – Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік –гуманитарлық колледжінің

мұғалімі Бектас Рәзия Мұқсынбекқызы.

Мұғалім болу арманы, тұлымы желкілдеген жас қызды мектеп бітірісімен Арқалықтағы

Ы.Алтынсарин   атындағы   мемлекеттік   педагогикалық   институтына   әкеледі.   1976   жылы

институттың   физика-математика   факультетін  бітіріп  жоғары  білімді   жас  маман  ұстаздық

еңбек   жолын   бастайды.   Сол   кездердегі   үрдіс   бойынша   оқу   бітірген   жас   мамандарды

облыстың кадрлар жетіспейтін шалғай аудандарына жіберу дағдысы бар еді.Жолдамамен

алғашқы   еңбек   жолын   Жанкелді   ауданының   «Еңбек»  кеңшарынан   бастайды.«Жас   келсе

іске» дегендей, аз ғана уақытта жас маман аталмыш мектептің тәжірибелі ұстаздарынан

мұғалімдік   мамандықтың   қыр-сырын   жан-жақты   түсініп,   үйреніп,оған   өз   талпынысын

қосып,   ұжым   ортасында   беделді   бола   білді.   Кейін   Арқалық   қаласындағы   кәсіптік

-техникалық училищеде ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметті абыроймен жалғастырады.

Уақыт бір  орнында  тұрмайтыны анық.  2001 жылы отбасылық   жағдайға  байланысты

Рудный  қаласына   көшіп  келіп,  мұндағы  мұғалімдер  даярлайтын  бірден –бір жалғыз  оқу

орны-   Ы.Алтынсарин   атындағы   Рудный   әлеуметтік-гуманитарлық   колледжіне   қазақ   тілі

пәнінің оқытушысы ретінде қызметке орналасады.

Содан бері біраз уақыт өтті. Жүйткіген уақыт ешкімге жеткізер емес… Жақында Рәзия

апайымыз зейнеткерлік демалысқа шықпақшы. Әйтсе де бойынан сол бір жастық жігердің

ұшқыны жылдар өтсе де әлі де сөнбегенін сөзбен емес , нақты істер арқылы көрсетуде.

Ұстаздың   қарапайымдылығы   мен   ұқыптылығы,   еңбекке   деген   ерекше   ынтызарлығы

өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне

деген   адалдығы   жас   мамандар   үшін   үлгі   боларлық.   Оның   мұғалімдік   қабілетімен   қатар

спортқа   да   бейімі   бар   екенін   колледж   қабырғасында   оқытушылар   арасында   дойбыдан

өткізілген спартакиададан 1- орын алғанда ғана білген болатынмын.

Қазақтың әйгілі жазушысы Ғ. Мүсірепов «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр

жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім» демекші ,Рәзия Мұқсынбекқызы — «Бастауыш

білім беру» мамандығының 4-курс тобының жетекшісі. Ата-анадан жырақта жүрген студент

жастарға   оң   бағытқа   жол   сілтер   ақылшысы,   кезкелген   сәтте   көмек   қолын   соза   білетін

қамқор ұстаз .

Ол   сонымен   қатар   колледждің   талапты   да   талантты   студенттерінен   құралған

«Шамшырақ»   драмалық   театр   үйірмесінің   көркемдік   жетекшісі.Мұның   өзі   тәжірибелі

ұстаздың тағы бір қырын айқандай түскендей. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші , қаншама

дарынды   жастардың   өнер   айдынына   еркін   қанат   қағып   ,самғау   биігіне   көтерілуіне   дем

беріп,   ақыл-кеңесін   беруде.Аталмыш   үйірме   арқылы   студенттердің   тылсым   сырға   толы

театр әлемімен таныстырып, сахна мәдениетін жетік меңгеру мақсатында жемісті жұмыс

жасауда. Ол әр кезде өнерлі де өрелі Бекқали М,Анапияев Н,Сәбитбек Д, Асхат Қ,Қалелова

А,Өмірбек Б т. б шәкірттерін үнемі мақтан тұтады.

«Еңбегіне   қарай   өнбегі»   демекші,   ұлағатты   ұстаз   еңбегі   өз   бағасын   әр   кезде   алып

отырды. Облыстық Білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен де

марапатталған.

Ол тек қана нағыз ұстаз ғана емес,өз отбасының - мәуелі бәйтерегі. Жолдасы Асқарбек

екеуі ата-ана орнын басып, бауырларына қашанда көмек қолын ұсынатын таза жүректі ,

мейірімді жандар.

Жақсының   жақсылығын   айту   –   парыз.   Рәзия   апай   туралы   толғаныс   ойын   өрбіте

берсем,қарымды қаламның сиясы таусылар, сірә! Сөз соңында, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік

қолтаңбасы бар Рәзия Мұқсынбекқызының ұзақ жылдар бойғы ұстаздық қызметі ұжымы

мен шәкірттерінің жадында мәңгіге қалмақ.

СҮЙІКТІ СТРАТЕГИЯЛАРЫМ

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Б.Қыдырбекұлы орта мектебінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі Жухан Ақгүл

ЖАЗЫЛМАҒАН ДАЛА ЗАҢЫ:

Беру   керек:  «Үлкенге   -сәлем,   Қуантқанға   —

сүйінші,   Соғымнан   —   сыбаға,   Малдан   —

көгендік, Балаға — базарлық, Киімге — байғазы,

Сәбиге- көрімдік, Төркіндеген қызға — қалауын,

Жаңа көршіге — ерулік, Жас үйленгендерді — отқа шақыру, Досқа — естелік, Жетімге —

қолқайыр, Мүсәпірге — садақа, Байлықтан — шүлен үлестіру, Тойға — сияпат, Қуанышқа

— шашу, Жас босанған анаға — қалжа, Сағынғанға- сәлемдеме» береміз.

Сұрау   керек:  «Алладан   —   денсаулық,   Пайғамбардан   —   шапағат,   Қыдырдан   —   бата,

Данадан — өнеге, Батырдан — сауға, Аңшыдан — сыралғы, Аурудың — көңілін, Қарттың

—   хал   жайын,   Жетімнің   –   жай-күйін,   Саудың   —   амандығын,   Ағайынның   –   бүтіндігін,

Олжадан — тәбәрік, Қонақтан — бұйымтай» сұраймыз.



Тілеу   керек:  «Барға   —   тәуба,   Жоққа   —   сабыр,   Ауырға   төзім,   Жақсылыққа   —   алғыс,

Болашаққа — сенім, Жетістікке — шүкір, Өткенге — салауат, Қалғанға — береке, Басқа —

амандық, Денге — саулық» тілейміз!

Өзін-өзі құрметтеу — жеке адамның өмірге деген сезімі.

ОҚУШЫ ҚАҒИДАТЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)

      Төмендіге материалдар сынып жетекшілерінің қажетіне жарап қалар деп



ойлаймын. Сынып бұрышына қыстырып қойсаңыздар да болады.

1. Теледидирдың (агент, интернет т.б) алдында ешқашан көп отырма. Ол сенің уақытыңды 

өлтіреді.

2. «Тек қана, алға!» деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.

3. Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер,файл немесе блог

ашып қой.

4. Эмоциялық және физикалық тұрғыда денсаулығыңды мұқият сақта! Жаттығу жасау және 

өзіңді жаксы көңіл-күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!

5. Жұмысқа немесе сабаққа кеш қалып бара жатырсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын 

тап!


6. Өзгелердің армандарына күлме. Жақсы ниетпен өзің арманда!

7. Өзіңе опасыздық жасаған адамға қайта оралма! Олар ешқашан өзгермейді.

8. Ата- аналарыңның жанында көп уақыт болуға әрекет жаса!

9. Жақсы сөзбен жылан інінен шығады,жаман сөзбен адам дінінен шығады. Жылы жүзді 

болайық!

10. Өз қатеңді мойындай біл!Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!

11. Шағым жасау әдетінен бас тарт! Өзіңнің проблемаңды өзің шешіп үйрен!

12. Ешқашан өсек айтпа! Жаман сөз жылдам тарайды!

13. Көңіл-күйің төмен болса дем ал. Проблема шешудің бір жолы: Миға демалыс бер!

14. Досыңмен ұрсысып қалған жағдайда көкейге бататын, ар-намысына тиетін әрекет 

жасама!Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді.

15. Таңмен жақсы ниет еткен болсаңыз,күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры 

жаусын! Жақсы ниет — жарым ырыс!

16. Шындықты сөйлеген жамандықты еске алмайды!

17. Күн тәртібін реттеп, әр сағатыңды тиімді пайдалан. Ұйықтар алдында бүгін мен не 

тындырдым деп өз өзіңе сұрақ қойып, есеп бер.

18. Өз келешегіңді өзің жаз. Өзге емес өзің туралы өзің айт!

19. Алдыңа мақсат қой! Келешегіңді жобала

20. Көп ізден! Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденуді қойма! Оқу мен 

іздену-уақытыңды босқа кетіру емес! Өзгенің де өзіңнің де уақытыңды алма!Өз өмірің 

өзіңнің қолыңда, Сенің қолыңнан бәрі келеді!!!

--------------------------------------------------------------------------------------------------------__ХАБАРЛАНДЫРУ'>--------------------------------------------------------------------------------------------------------

ХАБАРЛАНДЫРУ

Республикалық   45minut.kz   басылымы   білім   мекемелерінде   өткізілетін,   іс-

шаралар,   семинарларға   ақпараттық   қолдау   (фото,   видео,   мақала   жариялау)

көрсетеді   және   топтама   жинақ,   материалдар   жинағын   баспадан   шығарады.

Республика   көлемінде   жаңалықтармен   бөлісуге   болады.  Топтама   журнал:

Ұстаздардың   кәсібилігі   мен   шығармашылық   тәжірибесін,   материалдарын

Республика   көлемінде   тарату   үшін   бірлесе  құрастырылып,   топтама   ретінде

баспадан шығарылатын кітап. Ұстаздардың авторлық құқығы толықтай сақталады.

Топтамаға тапсырыс беретін ұстаздардың барлығы да қатыса алады.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Батыс Қазақстан облыстары

бойынша редакция: 

Ақтөбе қаласы.  Завод көшесі 21 үй.

2-этаж. 13-кабинет 

E-mail: 

45@45minut.kz



Тел/Whatsapp: 8 777 087 6843

(Редакция)

----------------------------------------------



МББ аты: «Республикалық

45minut.kz» газеті 

МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша 

Шығу жиілігі: аптасына 1 рет     Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы

Меншік иесі: «Нагиева Ш. Б» ЖК (Ақтөбе облысы)

Бас редакторы: Нагиев И. Б.

Негізгі тақырыптық бағыты: 

білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық

----------------------------------------------

«Республикалық 45minut.kz» газетіне жарияланған ақпараттардың авторлық құқы

ақпарат авторына тиесілі, редакция жауапты емес. Жарияланған ақпарат

авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат

және мұрағат комитетінде тіркеліп, 

2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.

Тапсырыс: 562 Таралымы: 3000 дана.

Газет «Хабар-Сервис» ЖШС-ның баспаханасында басылды.



 ---12 --


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет