1 наурыз-Алғыс айту күніне ашық тәрбие сағаты 6«Ә» классы Тәрбие сағатының тақырыбы: Ризашылық-мейірімділік бұлағы. Мақсаты: балалардың «сыйластық»



Дата15.05.2023
өлшемі120,24 Kb.
#93178

1 наурыз-Алғыс айту күніне ашық тәрбие сағаты
6«Ә» классы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ризашылық-мейірімділік бұлағы.
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, түрлі түсті қалам,әуен,түрлі –түсті шарлар.
Психологиялық ахуал:
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Әріптер арқылы ізгі сөздерді айтып,тақырыпты ашу.
Алғыс айту күні!
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар, бүгін ерекше күн! Бүгін қандай күн оқушылар? Қалай ойлайсыңдар? 1-наурыз Алғыс айту күні болып белгіленді. 1-наурызда бір-бірімізге алғыс айтуымыз керек. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Бастысы – алғыс айта білу.
Оқушылар бір-біріне алғыс айтады.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
«Венн» диаграммасы: Оқушылар ризашылық пен алғыс сөздерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын талқылайды.
Проблемалық сұрақ:

  1. Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

  2. Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз керек?

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе...»
Алғысқа кімдер лайықты?
Анаға өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге қорған болғаны үшін,
Далаға гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге жанды жылытатыны үшін,
Күнге шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға қараңғы түндегі жарығы үшін,
Қорытындылау:
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
Пікірлер себетін толтыру.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?

«Бекітемін»:
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары:
Имашева А.У.
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Алғыс айту парызым....»





Класс: 6 «Ә».
Класс жетекшісі: Жұбат С.Т.
2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет