1. Неке. Некеге тұру жағдайлары. Некені тоқтату негіздері. Неке


 Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,5 Kb.
#13003
1   2   3   4   5
4.  Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.

Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары оларға тиесiлi болған мүлiктi меншiктеу және бiр-бiрлерiне өзара материалдық қолдау көрсету мiндеттерiнен туындайды. Құқықтық қатынастардың бiрiншi түрi Кодекстің «Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екiншiсi – Кодекстің «Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндетемелерi» деп аталатын 19-тарауындағы нормалармен реттеледi.

Ерлi-зайыптылардың меншiк құқығының регламентациясы, немесе басқаша айтқанда олардың мүлiктiк режимi жаңа кодексте елеулi өзгерiске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бiр ғана режим қарастырылған едi. Жаңа Кодексте ерлi-зайыптылардың заңды мүлiктiк режимi де, ерлi-зайыптылар мүлкiнiң неке шартымен бекiтiлген шарттық режимi де көзделiнедi.

Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi – олардың ортақ бiрлсекен меншiк режимi қолданылады.

Бұған дейiн де аталғандай, «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 2-бабы ерлi-зайыптылар отбасындағы құқығының тең болу принциптерiн айқындайды. Осы ортақ принциптiң пайда болуына ерлi-зайыптылардың некелескеннен кейiнгi бiрге тұрған ғұмырында жинаған мүлiкке тең құқылығы ықпал етедi. «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 32-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.

Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең құқықпен билiк етедi және пайдаланса, екiншi бiр затты – ерi тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де пайдаланады. Бiрақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкiне жататын заттардың барлығы де ерлi-зайыптылардың екеуiне де бiрдей болып саналады.



Кодексте ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет