2. Туыстық. Бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандары.
Баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны.
Кодекстің 84 бабына сәйкес олардың жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
қайтыс болған;
баладан бас тартқан;
ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
асырап алынатын баланың (балалардың) туыстарына, анасымен немесе әкесімен некеде тұрған адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
Тууы тиісті түрде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды асырап алуға болады. Сондай-ақ, асырап алуды толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, тек қана солардың мүддесінде жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, жетілу дәрежесі және асырпа алуға келісімі есепке алынады.
Бұл ретте, егер ата-анасы баладан бас тартса, туыстары оны өз азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.
Ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілі балаларды түрлі отбасыларға асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда тек балалар өз туыстығы туралы білмесе, бірге тұрмаса және бірге тәрбиеленбесе ғана оларды асырап алуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасында жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – республикалық деректер банкі) енгізілген.
http://www.bala-kkk.kz ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпарат жазылған.
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратқа Республикалық деректер банкінде қамтылған, жынысы жөніндегі, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |