4. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері.
Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары оларға тиесiлi болған мүлiктi меншiктеу және бiр-бiрлерiне өзара материалдық қолдау көрсету мiндеттерiнен туындайды. Құқықтық қатынастардың бiрiншi түрi Кодекстің «Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екiншiсi – Кодекстің «Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндетемелерi» деп аталатын 19-тарауындағы нормалармен реттеледi.
Ерлi-зайыптылардың меншiк құқығының регламентациясы, немесе басқаша айтқанда олардың мүлiктiк режимi жаңа кодексте елеулi өзгерiске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бiр ғана режим қарастырылған едi. Жаңа Кодексте ерлi-зайыптылардың заңды мүлiктiк режимi де, ерлi-зайыптылар мүлкiнiң неке шартымен бекiтiлген шарттық режимi де көзделiнедi.
Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi – олардың ортақ бiрлсекен меншiк режимi қолданылады.
Бұған дейiн де аталғандай, «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 2-бабы ерлi-зайыптылар отбасындағы құқығының тең болу принциптерiн айқындайды. Осы ортақ принциптiң пайда болуына ерлi-зайыптылардың некелескеннен кейiнгi бiрге тұрған ғұмырында жинаған мүлiкке тең құқылығы ықпал етедi. «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 32-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең құқықпен билiк етедi және пайдаланса, екiншi бiр затты – ерi тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де пайдаланады. Бiрақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкiне жататын заттардың барлығы де ерлi-зайыптылардың екеуiне де бiрдей болып саналады.
Кодексте ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |