1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


К витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі, витамерлер, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы



бет38/38
Дата04.12.2022
өлшемі209,1 Kb.
#54691
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
К витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі, витамерлер, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

К витамин3, нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин Құрылысы/хим.табиғаты: К витаминінің бірнеше формалары белгілі, химиялық табиғаты бойынша олар бүйір изопреноид тізбектері бар хинондар. Өсмдіктерде филлохинон (K1), ішек микрофлорасының жасушаларында менахинон (К2).
Биологиялық әсері: К витамині қан ұю үрдісне қатысады. Ол қан ұю факторларының: протромбиннің (II фактор), проконвертиннің (VII фактор), Кристмас факторының (IX фактор) және Стюарт факторының (X фактор) активтенуіне қатысады. Аталған белоктық факторлар активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині гамма-глутамилкарбоксилазаның коферменті болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын гаммакарбоксиглутамин қышқылын түзеді.
Авитаминозы: К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі - қан кету, бұл организмнің өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның жетіспеушілігі остеопороздың дамуына әкеледі.
Тәуліктік қажеттілігі: 1-2 мг
Тағам көздері: К витмаинінің көзі өсімдіктер (орамжапырақ, көктоматтар, шпинат,тамыржемістер, рябина жидектері, жемістер).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет