пируватдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің құрамына кіріп, ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді:
60. Амин қышқылдарының декарбоксилазалары, В6 витаминінің құрылысы және коферменттік функциясы. Катализдік әсері, биогенді аминдер туралы түсінік. АҚ–ның декарбоксилазалары – екікомпонентті, Ко – пиридоксальфосфат (В6 вит. + Н3РО4).
Бұл ферменттер
бактериялар үшін;
инфекциялық аурулар мен шіру үрдісінде маңызы зор; АҚ-ның аралық алмасуына қатысады.
АҚ-ның декарбоксилдену реак-цияларын (қайтымсыз) катализдейді, реакция өнімі – биогенді аминдер (серотонин, гистамин, ГАМҚ).
В6 витамині, пиридоксин, антидерматитті.
Құрылысы/хим.табиғаты: В6 витаминінің негізгі құрылымы пиридин сақинасы. В6 витаминінің 3 формасы бар: пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин және бір-бірінен азот атомына паражағдайда орналасқан 4-ші көміртек атомында алкогольдің, альдегидтің немесе амин тобының болуымен ерекшеленеді.
Биологиялық әсері: В6 витаминінің барлық формалары организмде коферменттер: пиридоксальфосфат, пиридоксаминфосфат түзуге жұмсалады. Коферменттер пиридоксалькиназа ферменттің және АТФ-ң қатысуымен фосфорланады. Пиридоксальдық фермент амин кышкылдарының алмасуында негізгі роль атқарады: амин қышқылдарының трансаминдену және декарбоксилдену реакцияларын катализдейді, жеке амин қышқылдарының алмасу реакцияларына қатысады.
Авитаминозы: Балаларда В6 витаминінің жетіспеушілігі орталық жүйке жүйесінде қозудың артуымен, шеткі жүйке жүйесінде тырысып қалумен сипатталады, бұл тежеу медиаторы - гаммааминомай қышқылының (ГАМҚ) жеткіліксіз түзілуімен байланысты. Ересектерде В6 гиповитаминозының белгілері туберкулезды ұзак уақыт бойы изониазид препаратымен (В6 витаминінің антивитамині) емдегенде байқалады. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің зақымдануы (полиневриттер), дерматиттер, стоматиттер және глоссит дамиды.
Пиридоксаль тапшылығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.
Тәуліктік қажеттілігі: 2-4 мг
Тағам көздері: бұршак, астық тұқымдастарда, ет тағамдарында, балық, картоп.