1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


Тіндік тыныс алу, түсінік, мәні, маңызы



бет30/38
Дата04.12.2022
өлшемі209,1 Kb.
#54691
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
72. Тіндік тыныс алу, түсінік, мәні, маңызы.
Электрондарды тасымалдау тізбегі. БТ сатылары, сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер
Тіндік тыныс алу – жасушадағы ферменттік тотығу, тотықсыздану реакцияларының жиынтығы, ағзаны қолдануға тиімді энергиямен қамтамасыз етеді. Бұл көпсатылы үрдіс субстраттың (малат, сукцинат, т.б.) дегидрленуімен басталып,2 сутегі атомын ( 2 электрон және 2 протон) тыныс алу тізбегі ферменттері арқылы оттегіге тасымалдайды.Тіндік тыныс алу ферменттері митохондрияның ішкі мембранасында орналасқан.
Митохондриялық тыныс алу тізбегімен протондар мен электрондардың тасымалы тотығу-тотықсыздану жолының редокс-потенциалының қатаң сәйкестігімен НАДН-тан убихинонға, цитохромдық жүйе арқылы оттегіге қарай жүреді.
БТ- жасуша митохондриясында өтетін тотығу- тотықсыздану реакцияларының жиыны.
Т-Т реакцияларының жиынын= электрондардың тасымалдану тізбегі= тыныс алу тізбегі= тіндік тыныс алу деп те атайды
73.Тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не? Ол неге тәуелді?
Тотығу-тотықсыздану потенциалы — электрқозғаушы күш арқылы сипатталатын тотығу-тотықсыздану реакциясы жағдайында заттың электронды қосып алу немесе бөліп шығару қарқындылығының мөлшері; милливольтпен өлшенеді. Тотығутотықсыздану потенциалы Нернст теңдігі бойынша концентрациялардың қатынасының логарифміне тәуелді
74.БТ кезіндегі энергияның бөлінуі. Бөлінген энергия мөлшері неге тәуелді?
БТ тізбегінде. Тотығудан фосфорлану кезінде. Оттегімен әрекеттескен кезінде. ГДФ-тің қайта фосфорлануында. Тотықсыздана аминдену жолымен.БТ-бұл тотығу-тотықсыздану реацияларының тізбегі,онда: СО 2 түзіледі. Аммиак түзіледі. Субстраттар тотығып, су және энергия бөлінеді. бөлінген энергияның артық мөлшері энергияның биологиялық аккумуляторы – мол қуатты заттардың құрамына ену арқылы организмде жинақталып, қорда сақталады.
75.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні және маңызы. БТ мен ТФ қабысу нүктелері. Тыныс алу коэффициенттері. Тыныс алуды бақылау. Тотығадан фосфорлану - көпсатылы күрделі процесс.
Органикалық заттың тотығып ыдырауы кезінде бөлініп шығатын энергия, макроэртті фосфат күйінде АМФ немесе АДФ молекуласына қосылып, АТФ түзеді де, энергия осы молекулада сақталады. БТ-ның 3 нүктесінде сатысында АТФ түзуге жеткілікті энергия бөлінеді. Осы сатылар БТ мен ТФ-ның қабысу нүктелері деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет