1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


Д витамині. Құрылысы, алмасу-активті формалары, биологиялық рөлі, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы



бет36/38
Дата04.12.2022
өлшемі209,1 Kb.
#54691
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Д витамині. Құрылысы, алмасу-активті формалары, биологиялық рөлі, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

Д витамині, кальцеферол
Құрылысы/хим.табиғаты: Д витамині- циклопентанпергидрофенантрен туындысы, 9 витамері бар. Биологиялық активті формалары Д2 (эргокальциферол) жэне Д3 (холекальциферол) витамерлері болып табылады. Д2 витамині эргостериннің туындысы, ал Д3 витаминінің 80% адам терісінде УКС әсерәнен 7-дегидрохолестериннен тузіледі.
Биологиялық әсері: Адам организмінде Д витамині бауырда және бүйректе 25 және 1 орындарда С витаминінің қатысуымен гидроксилденіп, биологиялық активті косылыс 1,25дигидрооксохолекальциферолға (кальцитриол) айналады.

    • Кальцитриол Са2+ мен фосфаттардың реттелуіне катыса отырып, гормональдық қызмет аткарады, ішекке кальцийдің сіңірілуін, сүйек тінінің кальцийленуін, бүйрекке кальций мен фосфаттардың реабсорбциялануын стимулдейдін Са2+ концентрациясы төмендегенде кальцийдің сүйектен шығуын стимулдейді.

    • Кальцитонин сүйек кемігінің жасушаларының өcyi мен дифференциациясын ретгеуге қатысады. Ол антитоксикалық және антиканцерогенді әсер керсетеді.

Авитаминозы:

    • Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Бұл кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің (стеомаляция- сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), бассүйектің (баланыц еңбегінің бітпеуі) жіне кеуде суйегінің деформациясы, тic жарудың кеш байқалады. Бұлшык еттің гипотониясы (iш ұлғаюы) дамиды, жүйкебұлшық еттік қозу (сәби басын көп козғалтатындықтан, желке тұсындағы шашы түсіп калады) күшейеді, cipecпe пайда болуы мумкін.

    • Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және остеомаляцияға, ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі байқалады. Суйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының кушеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі.

Тәуліктік қажеттілігі: 0,02 мг
Тағам көздері: жануар текті тағамдарда: сары майда, жұмыртка сарысында, балық майында кездеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет