1. «Noname» кофеханасын ашуға арналған банк кредитін алу жоспары жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы



бет16/29
Дата02.12.2023
өлшемі2,74 Mb.
#132765
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Бизнес план каз

Оқытудың құрылымы:
Бағдарлама STEM білім беру жүйесі негізінде үздіксіз оқытуды ұсынады. Балалар кішкентай кезінен (4-5 жас), тіпті жасөспірім кезінен айналысуды бастап, одан әрі де роботтарға арналған бағдарлама құру, мобильді қосымшаларды бағдарламалау немесе браузерлік ойындар жасау сияқты өздерін қызықтыратын бағыттармен шұғылдана алады. Қазіргі уақытта роботтардың 3 түрлі Starter Kit, AdvancedKit, ProfessionalKit жиынтығын қолдана отырып, робот жасау техникасы мен бағдарламалауға үйретуге арналған балалардың жасына қарай құрылған 2 топ бар.
Бастапқы жиынтық 8 электронды блоктан, 15 қосымша тетіктен (3 дөңгелек, 8 коннектор және 4 «ЛЕГО» адаптері), сонымен қатар жинақтау жөніндегі нұсқаулықтан, біріктіруші кабельден және ақысыз Robo мобильді қосымшасынан тұрады. «Ақылды текшелер» реттегіш, жақындату датчигі, үздіксіз тоқ беретін 2 мотор, сервожетек, кішкентай шам, Bluetooth текшесі мен қосу батырмасынан жинақталған. Реттегіштің негізінде ARM Cortex A7 процессоры бар, одан басқа сары текшеде толық Гб оперативті жады бар, ол арқылы 16 Гб көлеміндегі флеш-жадыға, Wi-Fi кіріктірілген модуліне, акселератор мен динамикке қосылуға болады. Микрофон жақындату датчигі бар текшеде орнатылған. 1500 мАч көлеміндегі аккумулятор 3,7В кернеуді қамтамасыз етеді.
Advanced жиынтығында 15 электрондық блок бар, бұнда жарық датчигі, тағы бір сервомотор, метеосенсор, LED дисплейі бар текше, екінші кішкентай шам, батырма мен екі біріктіргіш текше қосымша ұсынылады. Professional жиынтығында электрондық құрамдас бөлшектер саны 25-ке жетеді. Бұнда тағы бір аккумулятор, сервожетек, ИК сенсорлы текше, лазерлі таяқшасы бар модуль, электрондық сия негізіндегі экраны бар текше, бейнекамера қосылған. Конструкторды құрастырушылар роботтарды басқарудың балалардың түсінуіне жеңіл графикалық қаптамасын әзірлей алған. Смартфон экранында командалар блогын ауыстыра отырып, балалар қандай жүрістер дұрыс, қандай жүрістер бұрыс жасалғанын көре алады, яғни бағдарламалаудың себеп-салдарлық байланысын тануға, алгоритм жасауға үйренеді.
Құрастырылған роботтар кедергілерден өте алады, дыбыстарды жазып, шығара алады, лабиринт ішінде жүре алады, суретке түсіреді немесе лекті бейнежазбаны мобильдік құрылғыға жібере алады. Метеосенсор ауаның ылғалдылығы, температурасы мен қысымы туралы хабар береді, қозғалыс детекторы модельдің берілген қызметін белсендіруге арналған триггер қызметін атқарады, текше-коннекторлар өзге модульдерді 6 қырының кез келгеніне қосуға мүмкіндік береді. Роботтар қоңырау сағаттың рөлін немесе бөлмеге біреу кірген кезде музыка, жарық немесе қимыл беру арқылы ескертетін «балалар бөлмесінің күзетшісі» рөлін де атқара алады, тіпті би билегенде серіктес-оркестр де бола алады.
Robo Wunderkind конструкторының артықшылығы – классикалық LEGO-ны жай кірпіштерден робот жасайтын конструкторға айналдыруға мүмкіндік беретіндігі, мектепке дейінгі балаларды робот құрастырудың басты қағидаттарымен таныстыруы, модельдерді жинаудың, бағдарламалаудың, басқарудың қарапайымдылығы.
Батыстағы беделді басылымдар ROBOWunderkind-ді білім беруші роботтардың болашағы, индустрияның осы саласындағы басты жаңалық ретінде атап көрсетеді, жақында ғана құрылған компанияның көптеген марапатқа ие болып, 1 миллион доллар көлемінде инвестиция алуы осы айтылғанды дәлелдей түседі. RoboWunderkind туралы TechCrunch, The Guardian, Huffington Post, Forbes және т.б. беделді басылымдар жазған болатын.

  1. Бағдарламашыларға арналған инкубатор – мобильдік қосымшалар мен ойындар, сондай-ақ түрлі қажеттіліктерді өтеуге арналған бағдарламалар әзірлеумен байланысты жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған курс

Мобильдік технологиялар — заманауи әлемнің бір бөлшегі, бастысы — ең қажетті бөлшегі. Олар еңбек өнімділігін арттыру, қаржыны басқару, навигация, қарым-қатынас және көңіл көтеру үшін қажет. Бизнес пен бос уақытты өткізуге арналған мобильдік қосымшаларды iOS, Android, Windows Phone және т.б. сияқты түрлі платформалар дайындайды.
Қазіргі күні мобильді қосымшалар сайт сияқты маркетингілік бизнес-стандарт болып отыр. Олай болса, осындай қосымшалар әзірлеу саласының кәсіби мамандарына сұраныс артады.
Орталық iOS, Android, Windows Phone үшін қосымшаларды әзірлеушілерді дайындайды.
Бұл платформалардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан оларды жан-жақты таныған дұрыс. Орталықтың білікті оқытушылары түрлі платформадағы мобильді қосымшаларды әзірлеуші мамандығын алуға мүмкіндік беретін курстар дайындап шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет