Research and Markets зерттеу компаниясы жақында Еуропа елдеріндегі робот жасау техникасы білімін беру нарығының көлемі туралы есеп жариялады. Деректерге сүйенсек, нарықтағы табыс 145,8 миллион АҚШ долларын құраған. Түрлі деңгейдегі мектептерге SMART-технологиялар мен робот жасау техникасын енгізу нарықты алға жылжытушы күш болды. Verified Market Research компаниясының бағалауына сәйкес, робот жасау техникасы білімін берудегі жаһандық нарық көлемі 2017 жыл ішінде 609 миллион АҚШ долларын құрады. Болжам бойынша 2025 жылға қарай оның көлемі 1,9 миллиард АҚШ долларына жетеді. HTF Market Report консалтинг компаниясының болжамы бойынша бұл саланың болашағы өте зор. Сарапшылардың пікірінше, робот жасау техникасы білімін беру нарығы тек Солтүстік Американың өзінде 2,29 миллиард АҚШ долларына жетеді. Түрлі бағалауларға қарамастан, тренд барынша түсінікті және орасан зор қадаммен ілгері басып келеді.
Робот жасау техникасы бойынша оқыту бағдарламаларын білім беру мекемелерінде мемлекеттік деңгейде де, жекелеген сабақтар деңгейінде де енгізу өсудің басты драйвері болады. STEM-оқытуды дамыту және инженерлер, физиктер, химиктер сияқты нақты ғылым саласы мамандарына деген сұраныстың артуы осы бағытты кеңінен таратуға оң әсерін тигізіп отыр. Қазіргі ата-аналар да өз балаларына болашақта кәсіби тұрғыдан сұраныс болғандығын қалайды. Жаһандық үрдістерді бақылай отырып, олар STEM-бағдарламаларға жіті назар аударады, қосымша білім ретінде робот жасау үйірмелерін таңдайды.
Қазақстандағы жағдай қандай? Барша әлемдегі сияқты, Қазақстанда да робот жасау техникасы білімін беруге мемлекеттік бастамалар да, мектептен тыс қызмет те барынша ықпал етіп отыр. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерді білім беру жиынтықтарымен жарақтандыру, сондай-ақ түрлі тақырыптық байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру арқылы нақты ғылымдарды дамытуға үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстанда жыл сайын робот жасау техникасы бойынша жаңа жеке меншік мектептер мен секциялар ашылып жатыр, бұған сұраныс та үлкен: ата-аналар бұл бағыттың маңызын жақсы түсінеді, осы білім арқылы балалары қазіргі ұрпақ үшін басты болып саналатын құзыреттерді дамыта алатынын біледі. Сондықтан қазіргі кезеңде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және оның әдіс-тәсілдерін өзгертудің қажеттігі қызу талқыланып келеді.
Қазақстан аумағындағы робот жасау техникасы мектептерінің таралуына көз салсақ, олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Рудный, Шымкент, Қарағанды қалаларында жұмыс жасап жатқанын көреміз. Қазақстанның Өскемен, Орал, Петропавловск, Тараз, Семей, Қостанай, Талдықорған, Қызылорда сияқты ірі қалалары әлі де қамтылмаған.
Олай болса, робот жасау техникасы секциялары бар екендігін байқаймыз, дегенмен олардың көпшілігі білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар есебінен болып отыр.
Қазақстандағы робот жасау техникасы білімін беру нарығы бойынша деректер аз, сондықтан баға беру қиын. Оның Қазақстандағы даму бағыты айқын, себебі робот жасау техникасы бүкіл әлемде кең танымал, осы бағытқа қызығушылық үлкен, жекелеген секциялар арасында бәсекелестік бар және аталған бағытқа Қазақстан Үкіметі тарапынан қызығушылық жоғары.
Робот жасау техникасы орталықтары арасындағы бәсекелестік әзірге Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ғана байқалады. Өңірлерде робот жасау техникасы жеке меншік орталықтары өте аз және нарықтың бұл сегменті әлі жас. Дегенмен уақыт өте келе, бәсекелестік тек үлкен қалаларда ғана емес, өңірлерде де артатынын түсінеміз, себебі робот жасау техникасы білімін беру кең танымал болып, баспасөз тарапынан осындай мемлекеттік бағдарламаларға көп көңіл бөліне бастады.
Қазақстандағы робот жасау техникасы білімін беру нарығы енді қалыптасып келеді, 2-3 жылдан соң қалай болатынын айту қиын. Әзірге ол жедел өсіп, Қазақстанда STEM-оқытуды енгізуге жағымды әсер етеді деп нық сеніммен айтуға болады.
INCLUDEPICTURE "http://www.kstu.kz/wp-content/uploads/2016/12/steam-300x204.png" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://www.kstu.kz/wp-content/uploads/2016/12/steam-300x204.png" \* MERGEFORMATINET Бүгінде көптеген елде STEM-оқыту ұғымы әр түрлі білім беру бағдарламаларына белсенді енгізілуде, STEM-орталықтар құрылуда, осы бағыт бойынша халықаралық конференциялар өткізілуде.
STEM-оқытудың не екенін түсінуге тырысайық.