1 нұсқа Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің тұлғасын табыңыз



бет1/5
Дата20.12.2022
өлшемі244,77 Kb.
#58364
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-вариант 7кл тест


7-сынып ,Т1 Қазақ тілі мен әдебиеті
(«Арман-ПВ» бойынша)
3-тоқсан
7-тарау Қазақстандағы ұлттар достығы.
Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» повестен үзінді
1 нұсқа
1.Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің тұлғасын табыңыз.
А) есімше
В) көсемше
С) салт
Д) сабақты
Е) болымды
2.Есімшенің жұрнағы жалғанған етістікті табыңыз.
А) Мен сабаққа кешіккенмін.
В) Ол ауылға барыпты.
С) Сен мектепке келдің бе?
Д) Ағам Шымкетте оқиды.
Е) Сіз Алматыда тұрасыз ба?
3.Есімшенің жұрнақтарын табыңыз.
А) –ар, -етін, -ған, мақ
В) –а, -е, -й, -ып, -іп, -п
С) –ғыз, -дыр, -ар, -т
Д) –ғалы, -гелі
Е) –мен, -бен, -пен
4. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) –ып
В) –ған
С) –ер
Д) –мақ
Е) –ар
5. Келер шақтың түрлерін табыңыз.
А) мақсатты, болжалды, ауыспалы
В) жедел, бұрынғы, ауыспалы
С) нақ, ауыспалы
Д) бұрынғы, ауыспалы, нақ
Е) ауыспалы, жедел, бұрынғы


Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арт -тыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан»
жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп бастады. «Мәңгілік ел» идеясының жариялануы – ұлттық идеядан туған түйін- тұжырым. «Мәңгілік ел» – отандастардың бірегей тари хи мақсаты мен қаһармандық ұраны. Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет ата- ну еді. Біз елімізбен мақтанамыз. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қа- зақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателі- гінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет