1 нұсқа бжб №6 «Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі16,03 Kb.
#141316
  1   2   3

1 - нұсқа БЖБ №6 «Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


1. Компанияда сегіз жұмысшы бар. Олардың екеуі ер адамдар, алтауы әйелдер. Осы сегіз адамның ішінен жиналысқа қатысу үшін төрт адамнан тұратын топ таңдалады.


а) Төрт адамнан тұратын топты таңдаудың әртүрлі қанша тәсілдері болады?
в) Жиналысқа қатысатын топта тура екі әйел адам болуының ықтималдығын есептеңіз
2. а) ТАЛҒАР сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.
в) Екі «А» әрпі бір-бірінің қасында тұратындай, ТАЛҒАР сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.
3. Оқушы емтиханды үш ретке дейін тапсыра алады. Емтиханды сәтті тапсырған оқушы,
оны қайтадан тапсырмайды. Оқушының емтиханды бірінші мүмкіндіктен тапсыру ықтималдығы 0,6-ға, екінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,8-ге және үшінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,4-ке тең.
а) Кездейсоқ таңдалған оқушының барлық үш мүмкіндігі сәтсіз болуының ықтималдығын табыңыз.
в) Кездейсоқ таңдалған оқушының бірінші мүмкіндігі сәтсіз болып, бірақ оның емтиханды екінші немесе үшінші мүмкіндіктен тапсыруының ықтималдығын табыңыз.



2 - нұсқа БЖБ №6 «Ықтималдық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



1. Компанияда тоғыз жұмысшы бар. Олардың бесеуі ер адамдар, төртеуі әйелдер. Осы тоғыз адамның ішінен жиналысқа қатысу үшін төрт адамнан тұратын топ таңдалады.
а) Төрт адамнан тұратын топты таңдаудың әртүрлі қанша тәсілдері болады?
в) Жиналысқа қатысатын топта тура екі әйел адам болуының ықтималдығын есептеңіз
2. а) АЛМАТЫ сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.
в) Екі «А» әрпі бір-бірінің қасында тұратындай, АЛМАТЫ сөзіндегі әріптердің әртүрлі алмастырулар санын табыңыз.
3. Оқушы емтиханды үш ретке дейін тапсыра алады. Емтиханды сәтті тапсырған оқушы,
оны қайтадан тапсырмайды. Оқушының емтиханды бірінші мүмкіндіктен тапсыру ықтималдығы 0,8-ге, екінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,6-ға және үшінші мүмкіндіктен тапсыруы 0,2-ге тең.
а) Кездейсоқ таңдалған оқушының барлық үш мүмкіндігі сәтсіз болуының ықтималдығын табыңыз.
в) Кездейсоқ таңдалған оқушының бірінші мүмкіндігі сәтсіз болып, бірақ оның емтиханды екінші немесе үшінші мүмкіндіктен тапсыруының ықтималдығын табыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет