Болып шығу ықтималдығын табыңыз



Дата18.05.2023
өлшемі17,04 Kb.
#94467
Байланысты:
Áîëûï øû?ó û?òèìàëäû?ûí òàáû?ûç


  1. Емтихан тапсыру кезінде студент 4 қосымша сұраққа жауап береді. Әр сұраққа дұрыс жауап беру ықтималдығы р=0,25. Жауаптардың барлығы тәуелсіз оқиғалар екенін жорамалдай отырып, ең болмағанда екі сұраққа дұрыс жауап беру ықтималдығын табыңыз.

  2. Дәрігерге медициналық тексеруден өтуге 10 адам келді. Олардың 3-уі ауру. Дәрігер екі адамнан қабылдайды. Кабинетке кірген

а) екі адамның да сау; ә) екі адамның да ауру; б) бір адам сау, екіншісі-ауру; в) ең болмағанда біреуі ауру
болып шығу ықтималдығын табыңыз.



  1. Студент бағдарлама бойынша 25 сұрақтың 20-сына дайын. Оқытушы берген үш сұрақты да студент білетінінің ықтималдығын табыңыз.

  2. Белгілі бір аймақта көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер бойынша он жастағы 100000 азаматтың орта есеппен 82300 –і 40 жасқа дейін, ал 70 жасқа дейін – 38000 азамат өмір сүреді. Он жастағы және қырық жастағы азаматтар үшін 70 жасқа дейін өмір сүру ықтималдығын табыңыз.

  3. 350 бұйымдардың 160 – бірінші сортқа, 110 – екінші сортқа, 80 – үшінші сортқа жатады. Бірінші сортқа жататын бұйымдардың ішінде сапасыз бұйым болуының ықтималдығы 0,01, екінші сортқа жататындардың арасында

– 0,02, үшінші сортқа жататындардың арасында – 0,04 тең. Кез-келген бір бұйым алынған. Алынған бұйымның сапалы екенінің ықтималдығын табу керек.

  1. Бірінші урнаға 1 ақ, 3 қара, ал екінші урнаға 4 ақ, 6 қара бірдей шарлар салынған. Бірінші урнадан бір шар алынып екінші урнаға салынды. Содан кейін екінші урнадан шар алынды. Екінші урнадан алынған шардың түсі қара болуының ықтималдығы қандай?

  2. Бірдей үш қорапқа бірдей өлшемді шарлар салынған. Бірінші қорапта 10 ақ, 5 қара, 3 қызыл, екінші қорапта 9 ақ, 16 қара, 11 қызыл, үшінші қорапта 7 ақ, 4 қара, 1 қызыл шарлар бар. Кез келген қораптан кез келген шар алынды. Алынған шардың қара шар болуының ықтималдығы қандай?

  3. Екі жәшікке бөлшектер салынған.Бірінші жәшікте 10 бөлшек, оның үшеуі стандартты, екіншісінде –15 бөлшек онда 6 стандартты бар. Әрбір жәшіктен бір-бірден кез-келген бөлшек алынды.Алынған екі бөлшектіңде стандартты екенінің ықтималдығын табу керек.

  4. Екі мерген атыс алаңында атыс жүргізуде. Бірінші мергеннің нысанаға тигізу ықтималдығы – 0,7, екіншісінікі – 0,8 тең. Егер екеуі де бір-бірден атыс жасаса, ең болмағанда біреуінің нысанаға дәл тигізетіндігінің ықтималдығы қандай?

  5. 36 картаның ішінен кез-келген 2 карта алынсын. Осы екі картаның бір түсті болуының ықтималдығын табу керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет