4 нұсқа Педагогика
1. Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді:
A) Саналылық және белсенділік
B) Ғылымилық
C) Көрнекілік
D) Шамаға лайықтық
E) Жүйелілік және бірізділік
2. Жүйелілік және бірізділік принципі:
A) Оқыту процесін және оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді
B) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
C) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру
D) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету
E) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру
3. Оқыту барысында өмірден мысал келтіру, оқушыларды өндіріспен таныстыруды қандай оқыту принципі талап етеді:
A) Көрнекілік
B) Шамаға лйықтық
C) Беріктік
D) Ғылымилық
E) Оқыту мен практиканың байланысы
4. Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип:
A) Беріктік
B) Жүйелілік және бірізділік
C) Ғылымилық
D) Саналылық және белсенділік
E) Оқыту мен практиканың байланысы
5. Оқытудың қандай принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді:
A) Ғылымилық
B) Көрнекілік
C) Шамаға лайықтық
D) Беріктік
E) Саналылық және белсенділік
6. Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану:
A) Педагогикалық процесс кезеңдері
B) Оқыту процесінің компоненттері
C) Іс-әрекет компоненттері
D) Білімді игеру процесінің кезеңдері
E) Сабақ элементтері
7. Педагогика:
A) тұлғаның дамуы, қалыптасуы туралы ғылым
B) білім беру және оқыту теориясы туралы ғылым
C) баланың дамуының заңдылықтарын зерттейтін және оны тәрбиелеудің жолдарын анықтайтын ғылым
D) адам тәрбиесі туралы ғылым
E) жас ұрпақты оқыту туралы ғылым
8. Педагогика ғылымының зерттеу пәні:
A) Жеке тұлғаның даму процесі
B) Білім беру жүйесі
C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті
D) Педагог тұлғасы
E) Педагогикалық процесс
9. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:
A) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп
B) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс
C) Дамыту, қалыптастыру
D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі
E) Оқу, сабақ беру
10. Педагогика ғылымының функциялары:
A) Ғылыми-теориялық, технологиялық
B) Оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын ашу
C) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу
D) Педагогикалық озық тәжірибені қорыту, игеру және тарату
E) Оқыту, тәрбиелеу принциптерін құру
11. Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:
A) Салыстырмалы педагогика
B) Әлеуметтік педагогика
C) Педагогика тарихы
D) Коррекциялық педагогика
E) Жалпы педагогика
12. Жалпы педагогика бөлімдері:
A) Педагогикалық психология, таным теориясы
B) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану
C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика
D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы
E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика
13. ҚР-да көптілдік білім беруді дамыту Тұжырымдамасы жасалды:
A) Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдар ұжымымен
B) Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдар ұжымымен
C) Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдар ұжымымен
D) Л.Гумилев атындағы ЕҰҰ ғалымдар ұжымымен
E) аль-Фараби атындағы ҚазҰҰ ғалымдар ұжымымен
14. ҚР білім беру жүйесінің европалық білім кеңістігіне ену жағдайында модернизациялау идеясы:
A) Қазахстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейінгі дамытудың тұжырымдамасында айқындалған
B) «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында айқындалған
C) ҚР «Тілдер туралы» Заңында айқындалған
D) ҚР көптілдік білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған
E) «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған
15. «Тілдер туралы ҚР-ның» Заңы қабылданды:
A) 1991 жылы
B) 2005жылы
C) 1994 жылы
D) 1998 жылы
E) 1997 жылы
16. Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған:
A) Сократ
B) А.С.Макаренко
C) Ж.Ж.Руссо
D) Я.А.Коменский
E) Д.Локк
17. Тұлға дамуы:
A) Адамның дене, психикалық және рухани сипаттамаларының сандық және сапалық өзгерістері.
B) Адам организміндегі сандық өзгерістер.
C) Білімдер, іскерліктер және творчестволық іс-әрекеттер әдістерін игеру.
D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы.
E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы.
18. Оқушы қабілеттерін дамыту:
A) Табиғи нышандардан тәуелді
B) Игерген білімдер, іскерліктер көлемінен тәуелді
C) Оқыған кітаптар санынан тәуелді
D) Құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуінен тәуелді
E) Оқу-тәрбие процесін мақсатты ұйымдастырудан және іске асырудан тәуелді
19. Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:
A) Бихевиористер
B) Прагматиктер
C) Әлеуметтік бағыт өкідері
D) Биологиялық бағыт өкідері
E) Экзистенциалистер
20. Тұлға:
A) Жеке адам
B) Саналы және ойлай білетін адам
C) Бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік
D) Оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы
E) Тірі организмің дамуының ең жоғары деңгейі
21. Қандай қасиеттер ата-анадан балаға туғаннан беріледі:
A) Қабілеттер дамуының негізі – нышандар
B) Әлеуметтік тәжірибе
C) Адамгершілік қасиеттер
D) Арнайы қабілеттер
E) Жалпы қабілеттер
22. Тұлға дамуының негізгі факторлары:
A) Ойын, оқу, еңбек
B) Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, іс-әрекет
C) Отбасы, мектеп, әлеуметтік орта
D) Білім, іскерлік, дағды
E) Білім, орта, мектеп
23. Өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі:
A) Тәрбие
B) Қалыптасу
C) Даму
D) Білім беру
E) Оқыту
24. Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді:
A) Тұқымқуалаушылық
B) Географиялық орта
C) Отбасы
D) Тәрбие
E) Мектептегі орта
25. Тұлға қалыптасуына ең аз әсер етеді:
A) Әлеуметтік орта
B) Географиялық орта
C) Тәрбие
D) Тұқымқуалаушылық
E) Тұлға іс-әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: |