Жұмыстың жүру реті: Құсты жансыздандыру жолдары:
1.Сабақтан 20-30 мин. бұрын құсты хлороформ не эфир сiңiрiлген мақтасы бар, нығыз жабылатын қақпағы бар шелекке салады.
2. Пипеткамен құстың аузына хлороформды тамызады.
lшкi құрылысын сойып көрмес бұрын, құстардың денесiндегi көлемдi ауа қапшықтарының орнын байқау керек. Ол үшiн, тiлдiң артына орналасқан көмекей қуысына рәзiңке алмұртқа жалғасқан жiңiшке шыны түтiктi тығып, тыныс жолына жел беру керек. Осы кезде мойынның шеттерiнде, қолтық астында, құрсақ бөлiмiндегi терiсi ауаға толады, төсi көтерiлiп, құс денесiнiң көлемi ұлғаяды. Бұл ауа қапшықтарының ауаға толуының нәтижесi. Құстардың ауа қапшықтары бiрнеше болады: мойынында екеу, бұғана аралық бiреу, төсiнде екi-үш жұп және iрi бiреуi құрсақ бөлiмiнде орналасқан. Ауа қапшық тары iшкi ағзалар арасында да орналасады, ал олардың тармақтары бұлшық ет арасынан терi астына өтедi. Ауа қапшықтары маңызды, әр түрлi қызмет атқарады. Ол тыныс алуға қатысады және құс денесiнiң тығыздығын кемiтедi, осыдан құстар суға батпайды. Құсты шалқасынан жатқызып, анық көрiнетiн қырлы төсiнiң үстiнен терiсiн тартып тұрып қайшымен қырқамыз, қырқуды мойыннан тұмсыққа дейiн жеткiземiз, жемсауды бүлдiрiп алмау керек. Артқа қарай клоакаға дейiн қырқылады. Одан соң, терiнi пинцетпен тартып тұрып оның астындағы ткандердi скальпел арқылы кесiп, терiсiн бұлшық еттерден ажыратып, қайырып қоямыз. Осы кезде мынаны көруге болады.
Кеңiрдек- шемiршек сақиналардан тұратын, жiңiшке түтiк.
Өңеш- жұқа қабырғалы кең түтiк, жоғарғы және төменгi жағы кеңiрдектi көлегейлейдi. Көкiрек бөлiмiнiң алдыңғы жағында өңеш жемсауға жалғасады. Кеуде бұлшықетi- массивтi болып келетiн жұп бұлшық ет. Ол төс қырының екi шетiнде орналасқан, жiңiшкерген ұшымен иық сүйегiне бекидi. Бұл бұлшықет, көп энергияны қажет ететiн қанатты түсiрудi жүзеге асырады. Төс қырынан бiр см. дейiн кейiнiрек бұлшық еттi тереңдеу етiп скальпельмен кессек жұқа бұғана асты бұлшықетiн көремiз. Олар қанатты көтеру қызметiн атқарады. Одан ары қарай құрсақты ортаңғы сызығы бойымен төстiң ұшынан клоакаға дейiн кесемiз. Төс сүйегi тұсынан көлденең кесемiз де, төстi бұғанасымен және айыр сүйегiмен қосып бөлiп аламыз. Ендi iшкi органдардың орналасу жүйесiн көремiз. Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейiмделген, ерекше маманданған бұтағы. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын. Құстарды рептилилерден ажырататын белгiлерi:
1.Құстардың орталық жүйке жүйелерi жақсы жетiлген, сондықтан олар әр түрлi жағдайларға бейiмделiп, мiнез-құлықтарын өзгертедi.
2.Денесiнде зат алмасу процесiнiң жылдамдығымен, дене жылуының жақсы реттелуiне байланысты дене қызуы жоғары және тұрақты болады.
3.Ауа кеңiстiгiнде ұшу қабiлетi болса да көпшiлiгiнiң қозғалу, өрмелеу қабiлетi жойылмаған.
4.Көбеюi бiршама жетiлген. (ұя жасауы, жұмыртқаларын басуы, бала пандарына қамқорлық жасауы).
Қазiргi уақытта 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрi бар. Омыртқалы жануарлардың iшiнде тұрақты дене қызуы немесе гомотермия ең алғаш құстарда пайда болған. Себебi құстарда артериальды және веноздық қаны то лық ажыраған, жүрегi төрт камералы және бiр аорта доғасы болады. Ткандер оттегiмен интенсивтi қаматамасыз етiледi, осыдан денедегi зат алмасу жыл дамдығы артып, дене қызуының тұрақталуына әкеледi. Дене қызуының тұ рақты болуының тағы бiр себебi: қан ағысының жылдамдығын артыратын үлкен жүрегiнiң болуы; денесiн салқындаудан сақтайтын қауырсын жабыны ның болуы; тыныс алу процессiнiң жақсы жетiлуi; ауа қапшықтарының болуы; зат алмасу процессiн жылдамдататын қорегiнiң тез қортылуы.
Құстардың құрылысына талдау жасау барысында, олардың бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығына және ұшуға бейiмделу себептерiне тоқталған жөн:
Бауырмен жорғалаушыларға ұқсастықтары:
безсiз, жұқа терi жабындысының болуы,
мүйiздi қабыршықтарының жақсы жетiлуi,
желке бұдырының бiреу болуы,
клоакасының болуы,
Ұшуға бейiмделу белгiлерi:
Алдыңғы аяқтарының қанатқа айналуы.
Қауырсын жабындысы құс денесiнiң көлемiн ұлғайтады.
Сүйектерiнiң қуыс болуы және ауыр жақ сүйектерiн тiссiз тұмсықтың ауыстыруы дене салмағын жеңiлдетедi.
Қанаттарын қозғайтын кеуде бұлшық еттерi бекитiн, төс қырының болуы.
Түрлi қызмет атқаратын, көбінесе ұшу кезiнде тыныс алуға қатысатын ауа қапшығының болуы.
Қаңқасындағы ерекшелiктер. Қуығының болмауы және аналық құстардың бәрiнде жыныс жүйесi ассиметриялы (оң жақ аналық безi және жұмыртқа жолы дұрыс жетiлмеген)
Есеп: 1.Құстардың систематикасын тапсыру
2. Ішкі құрылысының суреттерін альбомға салып тапсыру
3.Құстардың экологиясын, маңызын тапсыру