Бақылау сұрақтары 1.Ұшуға бейiмделуiне байланысты құстардың прогрессивтi белгiлерiн ата.
2.Құстардың жүйке жүйесiнiң бауырмен жорғалаушылардiкiнен айырма шылығы.
3.Құстардың қан айналу жүйесiнiң ерекшелiктерi.
4.Құстардың тыныс алуы
5.Құстардың жыныс жүйесiнiң орналасуы және олардың көбеюi.
№12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Құстардың қаңқасы.
Мақсаты: Құстың қаңқасының құрылысын көру: Анықтап зерттеу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Жаңа өлтiрiлген көк кептер.
2. Дайын препараттар, қаңқалар.
3. Кестелер:
4. Скальпель, қайшы, пинцет, концеляр түйреуiштерi, ине, ванна.
Көгершiндi қарғамен, тауықпен алмастыруға болады.
Қысқаша теориялық мағлұматтар: Бас сүйегi. Құрылысы жағынан рептилилердiң бас сүйегiне ұқсас, айырмашылығы: ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады: көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен болады; Жақ сүйектерi бiр-бiрiмен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қолайлы күштi аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектерi жұқа және жiктерi өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты және жеңiл болады. Желке бөлiмi төрт сүйектен құралады (негiзгi, екi бүйiр және жоғар ғы шүйде сүйектерi). Желке бұдыры рептилилердiкi сияқты бiреу ғана болады. Есту капсуласы үш құлақ сүйегiнен қалыптасады. Ересек құстарда бұл сүйектер бiрiгiп кетедi. Бас сүйегiнiң түбi: негiзгi сына тәрiздi, алдыңғы сына тәрiздi, таңдай және қанат тәрiздi сүйектерден қалыптасады. Бас сүйгiнiң үстiңгi жағынан – қос танау, төбе, маңдай және кеуiлжiр сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы – жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерiнен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегiне арт жағынан – бет және шаршы бет сүйектерi жалғасады. Бұл сүйектер шаршы сүйектермен қосылады. Осының нәтижесiнде құстарға тән төменгi самай доғасын құрайды. Мұның өзi көз ұясы мен самай ұясын бөлiп тұрады.Төменгi жағы буынды сүйектен және жақтың имек өсiндi сүйектерiнен қалыптасады.
Тiл асты аппараты сүйектi ұзын пластинка тәрiздi болады.
Есту сүйекшесi бiр сүйектен тұрады.
Сурет 57 – Жас көгершіннің бас сүйегі:
1- негізгі шүйде; 2-бүйір шүйдесі; 3- шүйде өскіні; 4- қарақұс тесігі; 5- үстіңгі шүйде; 6- құлақ; 7- негізгі сына; 8- алдыңғы сына; 9- қанат сына-тәрізді; 10- көз-сына; 11- көз аралығының пердсі; 12-орта иіс; 13- төбе; 14- маңдай; 15-мұрын; 16- жақ; 17- жақаралық; 18- жоғарғы жақ; 19-бет; 20-шаршы бет; 21- бұдыр бетті; 22- шаршы; 23-кеңсірік; 24- қанат тәрізді; 25- бунақталған; 26-тіс; 27-бұрыш сүйектер.