Ас қорытуоргандары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішек тен кұралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді; жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке карай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке тікелей жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық қорытылуына себепші болады.
Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал үйқы безі жетілмеген.
Сурет 9 – Миноганың бас бөлімінің ұзынынан кесіндісі:
1 - желбезек қапшығы; 2 - тынысалу түтігі; 3 - желбезек қапшықтарының ішкі тесігі; 4 - жүрек; 5 - жұлын; 6 - хорда; 7 - танау тесігі; 8 - ми; 9 - өңеш; 10 - ішек; 11 - жыныс безі; 12-питуитарлыөскін.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қар ай жарып қарағанда, онда көптеген желбезек пластинкаларының болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда болады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды.
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады.
Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады
Сурет 10 – Миноганың ауыз алды сорғыш воронкасы (А) және желбезек аппараты (Б):
1 –тері жапырақшалары; 2 – ауыз саңылауы; 3 – тілі; 4 – ішкі ерін тістері; 5 – мүйізді тақташалар «тістерімен»; 6 –тілдің тістері; 7 – тыныс алу түтігі; 8 – сыртқы желбезек саңылаулары; 9 – желбезек қапшықтары; 10 –желбезек аралық перде; 11 – ішкі желбезек саңылаулары.