1 Общие требования



бет1/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Сартбаева Г.М.
Омыртқалылар зоологиясы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




(Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған)


ШЫМКЕНТ
2017

УДК 59.(075)


ББК 28.6 Я-73
С 58
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты оқу- әдістемелік кеңесінің қаулысымен баспаға ұсынылған (№__ хаттама, __.__.20__ ж.).


Пікір жазғандар:
Қылышбаева Г.Б. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент
Байсеитова Н.М. – биология ғылымдарының кандидаты,доцент
Исакова Д.Т. биология ғылымдарының кандидаты, доцент
С 58 Сартбаева Г.М.
Зертханалық практикум. – Шымкент: ОҚМПИ, 2013. -109 бет.
ISBN 9965-9911-7-0
Оқу-әдістемелік нұсқау, болашақ мұғалімдер – бүгінгі студенттер зертханалық сабақтың барысында әр қилы жәндіктерді зерттеу тәсілін, түрліше препараттар дайындау техникасын, жәндіктерді сою, олардың тіршілік ерекшеліктерін анықтау үшін жасалатын түрлі тәжірибелердің методикасын меңгеруге бағытталған.
Оқу-әдістемелік нұсқауда 15 зертханалық жұмыс қарастырылған.
Оқу-әдістемелік нұсқау жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне және осы пән бойынша дәріс беретін оқытушыларға арналған.

УДК 59.(075)


ББК 28.6 Я-73
С 58


ISBN 9965-9911-7-0
© Сартбаева Г.М.
КІРІСПЕ

Зоология пәні теориялық курсының құрамдас негізгі бір бөлігі – оның лабораториялық – практикалық сабақтары болып табылады. Лабораториялық – практикалық сабақ лекциялық курста өтілген материалдарды толықтырып, жеке заңдылықтарды нақты материалдың негізінде дәлелдеп, тұжырымдап отырады. Мұнда жануарлар дүниесінің жеке систематикалық топтарының өкілдері мүмкіндігінше тірі күйінде немесе арнаулы ерітінділерде сақталған күйінде зерттелінеді. Лекциялық курста берілген, жеке систематикалық топтарға тән белгілер осы нақты өкілдер арқылы анықталады. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдер – бүгінгі студенттер практикалық сабақтың барысында әр қилы жәндіктерді зерттеу тәсілін, түрліше препараттар дайындау техникасын, жәндіктерді сою, олардың тіршілік ерекшеліктерін анықтау үшін жасалатын түрлі тәжірибелердің методикасын меңгеріп, оған дағдыланады.


Ұсынылып отырған құралда әрбір жұмыстың алдында зерттелетін жәндіктің систематикасын, оның анатомиялық- морфологиялық сипаттамасын және оны зерттеудің жоспары берілді.
Лабораториялық сабақ кезінде зерттеуге мүмкіндігінше тірі жәндік алынғаны жөн. Себебі, тірі жәндікті оқу мақсатына лайықтап зерттеген кезде оның табиғи түсін, дене пішінін, қозғалу, қоректену, көбею т.б. тіршілік әрекеттерін бақылауға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, оқу-оқыту ісіне арналған тірі жәндіктерге олардың әрмен қарай өмір сүруіне керекті жағдай жасап, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік туғызу керек. Тірі жәндіктердің өмір сүру жолдарын бақылыған кездегі байқалған құбылыстар арнаулы дәптерге үнемі жазылып отырылуы қажет.
Егер кейбір тірі жәндіктерді табу және сақтау мүмкін болмаса, арнаулы ерітінділерде сақталған материалдар пайдаланылады. Жәндіктің анатомо-морфологиялық құрылысын зерттеуде ол материалдар өте қолайлы келетін объект болып табылады.

1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет