1 Общие требования


Сәулеқанатты балықтар класс тармағына сипаттама



бет23/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Сәулеқанатты балықтар класс тармағына сипаттама.
Сәулеқанаттылар класс тармағы. Қәзіргі барлық балықтардың 90 процентінен астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларында әртүрлі қабаттарды мекендейді. Олардың көптеген түрлерін тұшы сулардың - өзендер мен көл дерден, бұлақтар мен бөгеттерден кездестіруге болады. Сәулеқанаттылардың өзіне тән белгілері бар. Көкірек қанаттарының қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондықтан бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Дене қаңқасы толығынан сүйектен тұрады. Тыныс алу мүшесі желбезек, ішектің үстінде жатқан жүзу торсылдағы бар. Эволюцианың барысында тез жүзуге, жауларынан қорғануға, әртүрлі судың ішінде тіршілік етуге бейімдеушілік қабілетінің болуы тағы басқа да мүшелерінде өзгерістер болады. Бұл класс тармағы бірнеше отряд үстіне бөлінеді:
Отряд үсті ганоидтар-Ganiodomorpha
Бекіре тәрізділер отряды-Acipenseriformes
Бекірелер тұқымдасы –Acipenseridae
Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы-Polyodontidae
Бұл отряд үстіне сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Ганоидты балықтардың көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Ганоидты балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Гонойдты балықтарда шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің артериалды конусы болады. Сонымен қатар сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т.б.
Бекіре тәрізділер отрядына сипаттама.
Бекіре тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: Бекірелер тұқымдасы-Acipenseridae, Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы-Poliodontidae.
Бекірелер тұқымдасының рострумы үшкір, аузы кішкене ересектерінің тісі болмайды. Өкілдері: орыс бекіресі Қара теңіз бен Каспий теңіздеріне тараған. Біздің солтүстік өзендерде және мұздық мұхиттың өзен сағасында сибир бекіресі кездеседі, амур бекіресі Амур өзенінде тіршілік етеді. Қызыл балық Азов теңізінде, Қара теңізде және Каспий теңізінде тіршілік етеді. Бекірілерге ұқсас сүйрік деген балық Каспийдің, Қара теңіздің және солтүстік мұзды мұхиттың өзендеріне тараған. Қортпа балық Каспий теңізде, Қара теңізде мекендейді. Ұзындығы 9м, салмағы 1400кг дейін жетеді.
Сырдария тас бекіресі деген өкілі Сырдария мен Амударияда мекендейді, тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ салмағы 1-кг дай болады, кәсіптік маңызы жоқ организмдер. Қазақстан қызыл кітабына Сырдария тас бекіресі және Арал бекіресі енген. Бекіре тәрізділердің кәсіптік маңызы зор.
Отряд үсті сүйекті балықтар-
Майшабақ тәрізділер отряды-
Лосос тәрізділер отряды-
Шортандар отряды-
Карп тәрізділер отряды-
Кефаль тәрізділер отряды-
Сарган тәрізділер отряды-
Шаншар балықтар отряды-
Треска тәрізділер отряды-
Алабұғалар отряды-
Камбала тәрізділер отряды-
Жайын тәрізділер отряды-
Отряд үсті сүйекті балықтарға сипаттама:
Сүйекті балықтар барлық жер шарында мұхиттарда, теңіздерде, және тұшы суларда кездеседі. Түрлі тіршілік жағдайлары мен тіршілік ету тәсіліне байланысты бұл балықтардың сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Құрылысындағы жалпы ортақ белгілері: қабыршақтар циклоидты немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцеркалды. Көкірек қанаттарының скелетінде базилалары болмайды. Ол тек қана радиалия мен тері қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері қауырсындарынан құралады. Ішектерінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде артерия конусы болмайды, бірақ қолқа түйіні жақсы дамыған. Көпшілігінің ішегінде тұйық пилорикалық деп аталатын өсінділері болады.
Бұл отряд үсті бірнеше отрядқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет