1 Общие требования



бет38/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Нерв системасы. Миының құрылысынан бірнеше прогрессивтік белгілер байқалады. Қос мекенділердің миын балықтардың миымен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу, ол ми жарты шарларына бөлінген, сонымен қатар бүйір қарыншаларынын түбі ғана емес, олардың бүйірі, үсті ми заттарынан құралған. Сөйтіп, қос мекенділерде нағыз ми күмбезі — архипаллиум болады. Ортаңғы миы онша үлкен болмайды. Мишығы өте аз болады, кейбір құйрықтылардағы оның мөлшерін тіпті елеуге болмайды. Мидың бұл бөлімінің нашар дамуы амфибилердін. қозғалысының күрделі болмай, біркелкі болуына байланысты. Мидан он пар бас нервтері шығады, он бірінші пары (қосымша нерв) дамымаған, он екінші пары ми сауытынан тысқары бөлімінен шығады.



Сурет 36 – Бақаның миы:
I — үстінен; II — астынан; III — жанынан; IV — жарып көрсеткендегі; 1 — алдыңғы мидың жарты шарлары; 2 иіс бөлімі; 3 — иіс нерві; 4 — аралық ми; 5 — көру хиазмасы; 6 — шатырша; 7 — гипофиз; 8— ортанғы ми; 9 — мишық; 10 — сопақша ми 11 — төртінші қарынша; 12 — жұлын ; 13 — үшінші қарынша; 14 — сильвиев түтігі.

Құйрықтылардың және кұйрықсыздардың жұлын нервтері, иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағын қуалай орналасқан, симпатикалық нерв системасы жақсы дамыған.


Көру органдары. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты, амфибилердің көздерінің кұрылысында бірнеше ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Үстіңгі және астынғы қабақтан басқа көз дің алдыңғы бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни; кірпік қағу жарғағы болады. 2. Көздің мөлдір қабығының (қасаң) пішіні балықтардікіндей тегіс болмай — дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай — линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қос мекенділердін, балықтарға қарағанда алысы рақтан көрулеріне мүмкіндік береді. Мұндағы бір есте сақтайтын жағдай амфибилер суда болған кезінде мөлдір қабық түзу болады да құрлықта дөң ес пішіндес болып өзгеріп кететіні. 3. Кірпік еттерінің әсерінен, көз хрусталигі қозғалып, амфибилердің көру аккомодациясын жақсартады.
Есіту органы. Балықтарға қарағанда бұлардың есіту органы анағұрлым күрделі және дыбысты қабылдауға жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы сатыдағы (құйрықсыз) амфибилерде айқынырақ байқалады. Амфибилер де, балықтардағыдай ішкі құлақ—лабиринт жарғағының болуымен қатар, ортаңғы құлақ та бар. Ортаңғы құлақ куысының бір ұшы ауыз-жұтқын шаққа ашылады да, екінші ұшы басыньң ең жоғарғы бетіне жақындайды. Оның сырты жұқа жарғақпен жалғасады, оны дабыл жарғағы деп атайды. Бұл қуыс иірім құрайды, оның төбесі жарғақ лабиринттің жиегіне тиіп жата ды. Дабыл жарғағынан жарғақ лабиринтіне дейінгі қуыстьң жоғарғы бөлімін дабыл қуысы деп атайды. Дабыл қуысынын, ішінде таяқша тәрізді сүйекше (stapes) орналасқан. Оның бір ұшы оваль тесігіне (окно), екінші ұшы дабыл жарғағына жанасады. Ортаңғы құлақ куысының төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына айналым бөлімі, евстахиев түтігі деп аталады.
Салыстырмалы анатомиямен эмбриология мәліметтері ортанғы құлақ қуысы балықтардың брызгальцаларыньң туындысы екендігін, яғни жақ пен тіл асты доғаларының арасында жатқан—желбезек саңылауларыньщ рудименті екендігін көрсетеді; ал есіту сүйекшесі — тіл асты доғасынын. үстіңгі бөліміне — гиомандибулярге туынды болып саналады.
Аяқсыздар мен құйрықтыларда дабыл жарғағы мен дабыл қуысы болмайды, бірақ есіту сүйекшесі жақсы жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет