1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар


Табиғи ресурстар жай-күйінің өзге де нормативтерi



бет5/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

Табиғи ресурстар жай-күйінің өзге де нормативтерi табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында белгіленеді. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері және оларды белгілеу тәртібі ҚР жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, ҚР жер, су, орман заңнамасында айқындалады.
ҚОӘБ қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады. ҚОӘБ мынадай 5 кезеңдерді қамтиды: 1 – Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйін шолу), объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалады; 2 – Инвестициялардың негіздемесіне (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне) ілесе жасалатын қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау; 3 – Әсерді бағалау, ол жобаны іске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау, баламалы нұсқаларды негіздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу мақсатында орындалады; 4 – Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді болдырмау жөніндегі техникалық шешімдерді қамтиды; 5 – Жобалаудан кейінгі талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін бір жыл өткен соң объектінің қоршаған ортаға қауіпсіздігін растау және табиғат қорғау іс-шараларына түзету енгізу үшін жүзеге асырылады. ҚОӘБ 3-кезеңінде ҚО эмиссиялардың нормативтері әзірленеді.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде: 1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін әсері; 2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;
3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде: 1) атмосфералық ауаға; 2) жер үсті және жер асты суларына; 3) сутоғандары түбінің беткі жағына; 4) ландшафттарға;
5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына; 6) өсімдіктер дүниесіне; 7) жануарлар дүниесіне; 8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне; 9) халық денсаулығының жай-күйіне; 10) әлеуметтік салаға (халықты жұмыспен қамту, білім беру, көлік инфрақұрылымы) әсерді бағалау жүргізіледі. ҚОӘБ жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет