1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар



бет1/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

ӨЭжӨҚ пәнін оқудың мақсаты – адамның тіршілік процесі, табиғи және өндірістік ортаның жағдайы, адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы, өнеркәсіптік құралдар мен және технологиялық процесстер мен, еңбектік ұйым және өндірістің сонымен қатар апатты-құтқару және басқа да тығыз жұмыстар үйрету


Биосферадағы негізгі процестер. «Биосфера» түсінігі, яғни «өмір сүру аймағы» Ламарк ХІХ ғасырдың басында Парижде (1744-1829 жылдары) биологияға енгізді, ал Э.Зюсс осы ғасырдың аяғында Венада (1831-1914 жылдар) геология ғылымына енгізді.
Биосфера – Жер қабығы, құрамы, құрылымы және энергетикасы, тірі организмдердің бұрыңғы немесе қазіргі іс-әрекетімен түсіндіріледі.
Биосфера атмосфераның төмеңгі қабатын (25-35 км дейін), гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын (16 км жуық тереңдікке дейін) алып жатыр. Биосфераның қызмет етуі негізінен күн энергиясымен қамтамасыз етіледі және ол табиғаттағы заттардың екі айналымын тудырады: үлкен (геологиялық) және кіші (биологиялық)
Геологиялық айналым – дүниежүзілік мұхит пен құрғақ жер арасындағы заттар айналымы. Биологиялық айналым – жануарлар, микроорганизмдер, өсімдіктер және топырақ арасындағы заттар айналымы. Екі айналымы да бір-бірімен тығыз байланысты. Жер бетінің көмегімен Күннен алынатын сәулелік энергия 1,2∙1017 Дж-ге жуық құрайды. Осы энергияның шамамен 50 % судың булануына жұмсалады – ол заттың геологиялық айналымының негізгі процесінде жүреді. Биологиялық айналымға кететін сәулелік энергияның шығыны 0,1-0,2 % құрайды.
Осы екі айналымның энергия сыйымдылығының айырмашылығына қарамастан биосфераның негізгі тіршілігі биологиялық айналым болып табылады.
Биологиялық айналымның маңызды процесі фотосинтез болып табылады, яғни Күннің сәулелік энергиясының көмегімен өсімдіктер мен микроорганизмдердің органикалық заттардың химиялық байланысының энергиясына ауысуы.
Фотосинтездің классикалық теңдеуі келесі түрде беріледі:


СО2 + Н2О = (СН2О) + О2. (2.1)


Фотосинтез процесінде өсімдіктер топырақтан минералды заттар, ал ауадан көмір қышқыл газын тұтына отырып оттегін бөледі, яғни олар продуценттер деп аталатын органикалық заттар түзеді (латын тілінен аударғанда producentis – жасайтын, құрайтын).
Жануарлар оттегін тұтынады және өсімдіктер көмір қышқылын бөледі. Бұл консументтер деп аталады (латын тілінен аударғанда consume – тұтынамын). Редуценттер (латын тілінен аударғанда reducentis – қалпына келтіретін) деп аталатын бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және т.б. бейорганикалық заттарға (нәтижесінде продуценттер пайдаланады) айналдыра отырып, өлі органикалық заттарды ыдыратады, соңында заттар айналымының циклын тұйықтайды және келесі циклдың дайындалуына қамтамасыз етеді.
Жыл сайын фотосинтез нәтижесінде Жерде 100 млрд. т астам органикалық заттар түзіледі, 200 млрд. т СО2 таралады және 145 млрд. т жуық бос О2 бөлінеді. Атмосфераның оттегі айналымы организмдер арқылы шамамен 2 мың жылға дейін жүреді деп болжамдалады, көмір қышқыл газының айналымының толық циклы 300 жылды құрайды, ал мұхиттардың, теңіздер мен өзендердің сулары биологиялық айналымда 2 млн. жыл ішінде ыдырайды және қалпына келеді.
Биологиялық айналымның салыстырмалы тұрақтылығын сақтау үшін фотосинтез есебінде келіп түсетін органикалық заттар оның шығынымен жабылуы тиіс, яғни оны жануарлар мен микроорганизмдер тұтынуы қажет. Олардың жұмысы шамамен 232,5 ∙ 109 т құрғақ органикалық заттардың мөлшерімен бағалануы мүмкін. Планетаның жануарлары мен микроорганизмдерінің қосынды биомассасы құрғақ түрінде 23∙109 т құрайды. Сондықтан, жердегі организмдер жыл сайын өздерінен он есе көп органикалық заттардың массасын жоюы қажет.
Биологиялық айналымның интенсивтілігі табиғи жағдайларға байланысты және түзілетін (осы жағдайларға қолданылатын) экологиялық жүйелер немесе биогеоценоздар арқылы байқалады. Әр биогеоценоз (белгілі бір жағдайда мекен ететін организмдердің әртүрлі түрлерінің қауымдастығы немесе экожүйе) биосфераның өзіндік бір кішкентай көлемдегі үлгісі болып табылады және осыған орай биосфераның жалпы тұрақтылығы және оның эволюцияға мүмкіншілігі анықталады.
Өмір түрлерінің көптүрлілігі, организм түрлерінің бір-бірімен және абиотикалық факторлармен (абиотикалық факторлар – организмге әсер ететін бейорганикалық орта жағдайының жиынтығы) тығыз байланысы биосфераны жоғары кедергіге ие болатын, өзін-өзі реттейтін жүйеге айналдырады.
Мекен етудің табиғи ортасының ресурсы ретінде биосфера элементтері сарқылу принципі бойынша екі үлкен топқа бөлінуі мүмкін: сарқылатын және сарқылмайтын.
Сарқылмайтын табиғи ресурстарға су ресурстары (бірыңғай айналымдармен байланысты), атмосфералық ауа және космостық ресурстар (күн радиациясы, теңіз құйылымдарының энергиясы және т.б.). Ресурстардың бұл түрлері қайта қалпына келудің зор мүмкіншілігіне ие. Бірақ, мұндай ресурстардың сапасы су және ауа сияқты антропогенді факторлардың әсерінен айтарлықтай нашарлауы мүмкін.
Сарқылатын ресурстар өз кезегінде қалпына келу белгісі бойынша қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.
Сарқылатын қалпына келетін ресурстар тобына келесілер жатады: флора, фауна, топырақ, сонымен қатар минералды ресурстардың кейбір түрлері (мысалы, көлдер мен лагуналарда жиналып қалған тұздар). Бірақ, рационалды пайдаланбаған жағдайда бұл ресурстар сарқылатын қалпына келмейтін ресурстарға ауысып кетуі мүмкін. Сарқылатын қалпына келмейтін ресурстарға жер қойнауының минералды ресурстары да жатады.
Табиғи ресурстардың формалары мен тұтыну интенсивтілігі қоғамның өндірістік күшінің дамуына сәйкес және ғылыми техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет