Практикалық жұмыс №11 «Өрт шыққан кезде эвакуация маршруттарын есептеу»
1 ӨРТ СӨНДІРУДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді.
Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.
Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.
Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.
.
2 ҚОЛМЕН СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.
ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |