1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Дамыған орта ғасырлар тарихының деректері



бет2/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
джт билет

3.Дамыған орта ғасырлар тарихының деректері
Еуропа тарихындағы едəуір алға жылжушылықпен сипатталады. Қалалар пайда болды, ұлттық мемлекеттер қалыптасты, ұлттық мəдениет дами бастады. ХІ-ХV ғасырлар туралы өндіргіш күштердің дамуынан мəлімет беретін жазба деректер, анналдар қатары алдыңғы уақытпен салыстырғанда мол. Феодалдық өндірістік қатынастар əртүрлі құжаттарда бейнеленген. Феодалдық құрылыс, мемлекет, құқық, шіркеу бұл кезеңде қалыптасқан сипатты иеленді. Дамыған орта ғасырларда өндіргіш күштердің дамуы тек археологиялық деректер бойынша ғана емес, сонымен бірге құжаттармен анналдардыңжанамамəліметтері бойынша да байқалып отырды. Қолжазбаларда, соборлар мен ратушалардың барельефтері мен витраждарда, кілемдерде қолөнер мен ауылшаруашылығы еңбегінің көптеген көріністері бейнеленіп сақталып қалған. ХІІІ ғасырда Батыс Еуропада бірқатар ауылшаруашылық трактаттары жасалды. ХІV-ХV ғасырлардан бізге дейін сауда ісі, шұға өндіру жөніндегі трактаттар жетті. Қалалық қолөнер тарихының аса құнды түпнұсқалары цехтық статуттар болып табылады. Феодалдық өндірістік қатынастар көрінісі əртүрлі құжаттарда бейнеленген. Грамоталар, поместьелер мүлкін хаттау, шаруалар борыштарының тізімі ХІ-ХІІ ғасырлардың аграрлық тарихының негізгі құжаттары болып табылады. Бұл құжаттардың біразы түпнұсқа түрінде сақталған, негізгі көпшілігі көшірме немесе картикулярийге енгізілген түсіндірме түрінде жетті. Аса құнды түпнұсқа – «Қаһарлы сот кітабы». Ол – Англия тарихынан мəлімет береді жəне барлық жер иелігінің, елді мекендердің, елдің қалалары мен халқын қосып есептеген санағы іспеттес кітап. ХІІІ-ХV ғасырларда ақшалай рентаның пайда болуын туғызған тауар-ақша қатынастары жаңа құжаттардың пайда болуына ықпал етті. Бұл құжаттардың көп бөлігі көшірмеде сақталған. ХІІІ ғасырдағы Англияның аграрлық жəне əлеуметтік тарихының құнды түпнұсқалары билік тергеуінің нəтижелері бойынша жасалған жер санағы болып табылады. Олардың ішінде 1279 жылғы «Жүздік оралымдар» құнды құжат. Бұл деректе орталық Англияның кейбір графтықтарының жер иелігі тұтастай тізімге алынып жазылған. Германия үшін ХІІІ ғасырда «Марка уставының», яғни əдеттегі құқық жазбаларының көрінуі тəн. Оларда қауым тəртіптері, шаруалардың феодалдар пайдасына атқаратын борыштары да көрсетілген. Франция тарихы жайлы маңызды деректер грамоталар болып табылады. Галлияда антика заманынан бері грамоталарды аграрлық қатынастарда ресми түрде құжат ретінде қарастырған жəне бұл грамоталарда феодалдық сеньорлықтар туралы мəліметтер сақталған.
Орта ғасырлар тарихы. Қалалардың дамуы қалалық хартияларды жəне статуттарды өмірге əкелді. Олар қала ішіндегі ұйымдастыру жұмысын, қалалардың сеньорлармен қатынасын реттеп отырды. ХІІІ ғасырдан бастап цехтардың ішкі құрылыстарын реттейтін уставтар жазылды. Мұндай түпнұсқалардың ішінде Парижде 1268 жылы жазылған «Қолөнер кітабы» ерекше орын алады, мұнда 100 цехтық статут жиналған. Француз қалалары туралы деректерді, ең алдымен, «конституциялардан» (хартиялар) бастау керек. Фактілік жағынан алғанда олар – сеньорлар мен азаматтар арасындағы келісімшарттар. Хартиялар қала көлеміне де, ауылдық жерлерге де байланысты болды. Ежелгі хартиялардың бірі – ХІІ ғасырдың бірінші жартысында VІ Людовиг тұсында жазылған «Лориск хартиясы». Лориск хартиясы бүкіл домен жерлеріндегі қалаларда қабылданды. 1182 жылы архиепископ Болонның қабылдауымен пайда болған хартия – «Болон хартиясы». Хартия солтүстік шығыс облыстағы 500-ден аса қала мен деревняларға тарады. Мұнда жоғарғы сайлаушы ұйымдары бар, өзін-өзі басқаратын жоғарғы сеньориалдық басқару – архиепископ туралы айтылған. Оңтүстік француз қалалары консултаттар арқылы басқарылды. Мұнда көбінесе муниципалды кодекстер жүрді. Цехтық ұйымдары бар қалаларда заңдар алғашқы кезде ауызша түрде айтылды да кейіннен қағаз бетіне түсірілді. Осындай деректердің бірі – шамамен 1268 жылы жазылған «Қолөнер кітабы». ХVІ ғасырда техника жайында өндіруші күштердің дамығандығын көрсететін маңызды дерек – трактаттар пайда болды. Деректен монополияға жол берілгендігін көреміз. ХІІІ ғасырдың ортасында архитектуралық мəліметтер беретін деректер пайда болды. Мысалы, француз инженері Вильяр де Гоннекурдың архитектуралық сызбалары көрсетілген альбомы. Англияны нормандардың жаулап алуы феодализм процесін тездетті, сол себепті ХІ-ХV ғасырлардағы Англия тарихына қатысты деректер өзіндік ерекшеліктерге толы. Осы кезеңнің маңызды дерегі «Қаһарлы сот кітабы» – жаулап алынған 20 жылдан кейін 1086 жылы жасалынған жер көшірмесі жəне аяқталған феода - лизмнің бір көрінісі. Ағылшын парламенті туралы деректер барондық соғыстардан кейін пайда болды. 1258-1265 жылдардағы барондар петициялары, вестминистрлік провизиялар, барондық партия жасаған феодалдық конституция жарыққа шықты. Х ғасырдың басында Германия жеке мемлекет ретінде қалыптасты. Х-ХІІ ғасырлардағы Германия тарихына қатысты дерек феодалдық поместьелер жайындағы мəліметтерден, грамоталардан тұрады. Бұлардың құрамына сыйлар кітабын, көшірмелер кітабын, урбарийлерді жатқызуға болады. Өндіруші күштердің дамығандығын көрсететін Германия үшін маңызды трактат – «Рахат бағы». ХІІ ғасырда Эльзастағы Гогенбург монастырінде жазылған. Авторы – Геррад Ландсберг. Бұл ауылшаруашылығы техникасы туралы мəлімет беретін кітап іспеттес. Мұнда су айналымы туралы мəлімет берілген. Келесі трактат – «Өсімдіктер туралы», 1254-1256 жылдары шамасында жазылған, Доминикан ғалымы «Ұлы Альберттің трактаты» болып табылады. Саяси тарихқа қатысты дерек анналдар, епископтар биографиясы, хрониктер саналады. Материалдық жағынан бай анналдар – Вестфалиядан табылған VІІІ ғасырдың дерегі. Ескі саксондық дəстүрлер сақталған дерек – «Кведлинбург анналдары». Италияда да өзге Еуропаның елдеріндегідей грамоталар жақсы сақталған. 1154-1161 жылдары бүкіл Италиядағы феодалдық территориялардың көлемі жайында «Барондар каталогы» жазылды. ХІІ-ХV ғасырлар аралығында нұсқаулар, əкімшілік іс-қағаздары, есептер жайында мəлімет беретін құжаттар өте мол. Осындай үлгіде жазылған Италияның аграрлық құрылысы жайындағы мəліметтер грамоталар, кадастрлар, заңдар, əкімшілік көшірмелері болып бөлінеді. Дамыған феодализм кезеңіндегі шіркеуге қатысты деректерді айтқанда Оттон Фрейзенгенскийді айтпай кетуге болмайды. Ол – ауқатты жанұядан шыққан император ІV Генрихтің немересі. Парижде оқып білім алған. Өз заманының саяси қақтығыстарының белсенді қатысушысы болған. Оның атақты еңбегі – «Екі мемлекет туралы». Августиннің саяси концепциясы негізінде жазылған 8 кітаптан тұратын бұл еңбекте Оттонның саяси портретін көруге болады. Дамыған феодализм кезеңіндегі деректерге тоқталғанда крест жорықтары туралы айтпай кетуге болмайды. Крест жорықтары туралы деректер батысеуропалық жылнамаларда сақталған, латындық шығыстың тарихшыларының еңбектері негізінде жазылған. Мұндай деректердің қатарына «Франктердің жəне өзге иерусалимдіктердің əрекеті», «Франктер əрекеті», «Иерусалимді алған франктер тарихы» жатады. Византияда аграрлық қатынастар жəне қалалар тарихы жөнінде құжаттық материалдар мол. Бірақ Византия мемлекетінің ХV ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүруі құжаттардың басым бөлігінің жойылып кетуіне алып келді. Аздаған құжаттар Италияның жəне Батыс Еуропаның басқа қалаларында ғана сақталды. Бұлардың басым бөлігі, негізінен, монастырьлік жер иеліктеріне қатысты аграрлық мазмұндағы актілер еді. Византия қаласының тарихы туралы сақталып қалған кітап – «Эпарх кітабы» (Х ғасыр). ХІV ғасырда капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері көрініс алған Италияның ірі компанияларына сауда кітаптарын жүргізу қажеттілігі туды. Батыс Еуропаның басқа елдерінде мұндай кітаптар ХV ғасырда кездеседі, олар ХVІ ғасырдан бастап кең тарады. Сауда, өнеркəсіп, ақша айналымы тарихы үшін ХІV ғасырдан бастап аса бай құжат материалдары – сауда келісімі, қарыз құжаттары, квитанциялар сақталған. ХІІІ-ХV ғасырлар аралығы феодалдық құқықты жазумен сипатталады. Германияда «Зерцала», Францияда «Кутюм», Испанияда «Фуэрос», кресшілер мемлекетінде «Иерусалим ассиздері». Бұл жазбаларды, əдетте үлкен тəжірибесі бар заңгерлер əзірледі. Ол жерде феодалдық жеке меншік қатынас, сот істері, жеке сословиелердің өзара қарым-қатынасы, вассалдық қатынастар реттеліп отырды. Византияда орталықтандырылған мемлекеттің жəне заң шығарудың сақталып қалуына байланысты, сондай-ақ Рим правосының үстемдік етуі нəтижесінде заң жинақтарының сипаты біршама өзгеше болды. Мысалы, «Пира» жинағы. Қалаларда ХІІІ-ХV ғасырларда, негізінен, Рим правосы талаптары бойынша құрылған өзінің қалалық правосы қалыптасты. Орталық өкімет нығайған мемлекеттерде корольдік заң шығару дами берді. Францияда ордонанстар, Англияда статуттар сот ісіне бірыңғайлық сипат берді жəне сауда мен өнеркəсіпті дамытуға қолайлы жағ- 14 Орта ғасырлар тарихы дайларды қалыптастырды. Византия үшін императорлық заң шығарудың үздіксіз дамуы ерекше сипатқа ие болды. ХІV ғасырдың ортасында Англияда, Испанияда, Нидерландыда, Францияда жұмыс күнін белгілеген, жалдамалы жұмысшы ақысын көрсететін заң шықты. Сот мекемелерінің барлық праволық ескерткіштері, сондай-ақ хаттамалары (регистрлер) ХІІІ ғасырдан бастап, шаруашылық, финанстық жəне əкімшілік сипатты құжаттармен бірге əлеуметтік-экономикалық қатынастар тарихының аса маңызды құжаттарына айналды. Х-ХV ғасырлардың саяси тарихы үшін анналдар мен шежірелер маңызды құжаттар қатарын құрайды. Каролинг империясы күйрегеннен кейін бұрынғы король сарайында жүргізілетін анналдардың кең көлемі жойылып кетті. Феодалдық бытыраңқы Еуропада анналдар жазу монастырьлерде, шіркеу мекемелерінде жалғастырыла берді. Х-ХІІ ғасырларда жылнама жазудың орталықтары көп болды. Кейін анналдарды шежірелер ығыстырып шығара бастады. Шежірелерде оқиғалар бір-бірімен байланыстырылып, толық баяндау арқылы берілді. Анналдардың өзіне тəн ерекшелігі жоқ, тілі біркелкі болды. Шежірелерде автордың жеке басының ерекшелігі, мүддесі, көңіл-күйі көрініп тұрды. ХІІІ ғасырда қалалардың өсуіне қарай қалалық анналдар пайда бола бастады. Бұлар шіркеу анналдарын біртіндеп ығыстырды. Англияда, Францияда, Испанияда «Король шежірелерінің» жинағы пайда болды. Мысалы, «Француздардың үлкен шежіресі», онда қоғам өмірі туралы елдің тарихы жасалды, сол кездегі орталық өкіметтің көзқарасына сəйкес дəйекті түрде жəне прогрестік тұрғыдан баяндалды. Бұл шежірелер орталықтандырылған мемлекеттердің бастапқы кезеңдерін сипаттайтын. ХІV-ХV ғасырларда ұлттық көлемдегі тарихи шығармалар туды. Шығармалар латын тілінде емес, ұлттық тілде жазылды. ХІV-ХV ғасырларда көптеген авторлар соғыс мəселесіне ерекше назар аударды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет