1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»



бет8/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
джт билет

9.Каралингтер дәуіріндегі Франк мемлекеті
Австразияның Пипиндер әулетінен шыққан майордомдары (Пипин Геристальскийдің ұрпақтары), біріккен Франк мемлекетінің билеушісі болғаннан соң франк корольдерінің жаңа династиясының негізін қалады. Бұл династия кейінірек өз өкілдерінің ең танымалы – Ұлы Карлдың есімімен, «Каролингтер династиясы» деген атқа ие болды. Каролингтер әулетінің өкілдері (Пипиндер) Франк мемлекетін VІІ ғасырдың аяғынан ІХ ғасырдың орта шеніне дейін «жалқау корольдердің» жанындағы майордомдар ретінде ал содан соң корольдер ретінде басқарып биледі. Франк мемлекетінің тарихындағы бұл дәуір «Каролингтік дәуір» деп аталады.
Каролингтер кезінде франк қоғамында аграрлық қарым-қатынаста төңкеріс жасалды. Бұл төңкеріс жерге феодалдық меншіктің қалыптасуын тездетті. Меровингтердің тұсында басталып, сол кезде баяу жүргізілген бұл үрдіс VІІ-ІХ ғасырларда аса қауырт сипат алды. Жер қарым-қатынасындағы бұл төңкерістің басталуы VІІІ ғасырдың бірінші жартысына жатады. VІІІ және ІХ ғасырлар басында болған аграрлық төңкерістің нәтижесінде Франк қоғамының құрылысында өзгерістер қалыптасты. Пипин Геристальскийдің мирасқоры – майордом Карл Мартеллдің саясатын белгіледі.
687 жылы Тертридада соғыс болды. Соғыста Австразия мен Пипиндер жеңіске жетті. «Жалқау корольдердің» билігі бітті. Соңғы Меровей әулетінің өкілдері енді тарих сахнасынан кетті. Майордом Карл Мартел біраз уақыт корольсіз биледі. Карл Мартелдің ұлы «Қортық» Пипин 751 жылы Рим Папасы І Захарийге «кім король болуға міндетті? – деген сұрағымен келеді, титулды иеленуші ме, әлде іс жүзінде билік етуші ме?». Папаның бұл сұраққа берген жауабынан кейін соңғы Меровинг ІІІ Хильдериктің шашы кесіліп, монастырьға жіберілді. Франк мемлекетінің тағына «Қортық» Пипин отырады. Жаңа әулет «Пипиндер әулеті» немесе Карл Мартелден бастап, «Каролингтер әулеті» деп атала бастады. Каролингтік Франция Тертрия (687) тұсындағы соғыстан Гуго Капеттаны (987) король етіп сайлағанға дейін өзінің тарихи үзіндісінде үш ғасыр өмір сүреді.
Меровиг уақытынан бастап мемлекеттің дайын ақшасы болмай, қызметке ауыр, қолайсыз монетамен төледі. Меровингтер жерді мұрагерлік жолмен беріп отырғандықтан, өздері шығынға ұшырады. Болашақ Каролингтер өз жағдайларын дұрыстау үшін Тертрия маңындағы соғыстан соң эволюциялық үрдісті тездетті. Графтарды ауыстырып, барлық билікті қолына шоғырландырды. Карл Мартелл «исламға қарсы күрес» сылтауымен үлкен шіркеу иелігін иемденеді.
Карл Мартелл мұсылман және Пиреней халықтарымен күресте сәтсіздіктерге ұшырап отырды. 778 жылы Карл Памполонды алды, Уэскіні, Барселонды, Жеронды жаулады. 778 жылы 15 тамызда Рансеваль түбінде Карл әскері жеңілді. Пуатье түбіндегі соғыста жеңіліске ұшыраған Карл Мартелл атты әскер құруға кірісті. Араб әскерінің негізгі күші жеңіл салт аттылар еді. Қаруланған атты әскер қымбат тұрды. Оны тек төмендегі тәсілдер арқылы іске асыруға болатын: әскерге шаруаларымен бірге қосып жер беру, сөйтіп, жерден түскен табыстан әскер өзін атпен, қарумен қамтамасыз ету. Бұл екі ауыртпалықты тудырды: біріншіден, Франк мемлекетінде үлестірерлік бос жерлер болмады. Бұл қиындықты шешу үшін Карл Мартелл шіркеу жерлерінің қатарын тәркіледі. Карл шіркеу жерлерін тәркілеуге деген дін иелерінің қарсылығын «исламдық қауіп» сияқты күшті аргументпен тиып отырды. Мақсатын іске асыру үшін Карл әскери қызметі үшін ғана шартты жер үлесін берді. Әскер қатарында қызметке тұрушы майордомға ант берді. Мұндай иеліктің түрі «бенефиция» деп аталды. Карл Мартелл жүргізген бенефициялық реформа жаңа қоғамдық құрылыстың феодалдық негізі еді.
732-733 жылдары жаңа каролинг әулетінің негізін қалаушы Карл Мартелл Пуатье түбінде мұсылмандардың жеңіл атты әскерін қуғынға ұшыратады. 751 жылы оның ұлы «Қортық» Пипин король болып тағайындалды. Пипин корольдікті империяға айналдырды (741-768). Папаның одақтасы «Қортық» Пипин Каролинг саясатының басын Италиядан бастады. Пипиннен кейін таққа Ұлы Карл келеді (768-814). Оның тұсында Каролинг империясы гүлденудің ең жоғарғы шегіне жетті. Ұлы Карл 774 жылы Павия королі Дезидерияны тұтқынға алады. Оны тақтан түсіріп, өзі Италия тәжін киеді. Осыдан кейін солтүстік жартыаралда өз билігін дәлелдеу үшін соғысты жалғастырды. Шығыста қарудың күшімен христиандандыру басталды. Ұлы Карлге сакстер өте қатты қарсылық көрсетті. Сакстерді бағындыру 772 жылдан 803 жылға дейін созылды. Уағыздаушыларды жібере отырып, оларға тірек ретінде капитулярий шығарды. VІІІ ғасырдағы Ұлы Карлдың арабтарға жорығы «Роланд әні» деп аталатын деректе беріледі.
800 жылы Ұлы Карл Батыс Рим империясының императоры болып сайланды. Ұлы Карлдың империясы әртүрлі халықтардан тұрған ұлан-ғайыр территорияны иемденді. 800-840 жылдар аралығы Ұлы Карл империясының ең қуатты кезеңдері болды. Ұлы Карлдың өлімінен кейін империя ыдырап кетті.
Ұлы Карл ғылым мен білімнің дамуына көп көңіл бөлді. Өз ауласында еріктілердің балаларына арналған мектептер ашып, білім туралы капитулярилер шығарды. Еуропаның көзі ашық адамдарын жинап, франк тілінің грамматикасын құруды, герман халық әндерін жинауды бұйырды. Грамматиканы Ұлы Карл Петр Пизанскийден тыңдады, басқа пәндерден ұстаз ретінде Британияда туып, көп ғылымды меңгерген Альбинді (лақап аты Алкуин) алдырды. Алкуиннен Ұлы Карл шешендікті, диалектиканы, әсіресе астрономияны үйренді. Астрономияның арқасында Карл шіркеу мерекелерін оңай есептеп шығарып, жұлдыздардың қозғалысын бақылай алатын болды. Үлкен мемлекетті басқару үшін сауатты адамдар керек екенін ол жақсы түсінді. Сондықтан оның тұсында ірі монастырьларда, епископтық орталықтарда мектептер ашылды. Гректердің үлгісімен «Академия» деп Ұлы Карл сарай жанынан шағын үйірме ашады. Жазу өнері жанданды, тарихты бағалады. Оның сарайында маңызды оқиғалардың жылма-жыл жазбасы түсірілді. Оны «Аннал» (латынның «жыл» деген сөзінен алынған) деп атады. Мұндағы суреттеген оқиғалар билеушінің мүддесіне сай келуі үшін анналдарды императордың көмекшілері сараптап отырды.
Алғашқы үш Каролинг – Карл Мартелл, «Қортық» Пипин, Ұлы Карл өз жерлерін ұлғайту мәселесін шешті. Енді жер мұраға қалдырылмады, тек «бенефиция» түрінде берілді. Графтықтар король билігінің басты жүргізушілері mіssі domіnіcі (лат. король елшілері) бақылауында болды. Графтардың күшейіп кетпеуін бақылау мақсатында олардың орнын үнемі ауыстырып отыру дәстүрі қалыптасты. Каролингтер әлеуметтік иерархияның анықталған моделін сайлады. Оған сенімді бағыныштылары мен вассалдары корольге адалдық антын берді. Бұл бағыныштылық барлық әлеуметтік топтарда кең қанат жайды. Бұлар міндетті түрде өз қаражатына корольдің әскерінде қызмет етуге тиіс еді. Бай адамдар жеңіл салт аттыларды, аса ауқаттылары 2,3 мың қару-жарақты аттыны құрады. Ұлы Карлдың мемлекеті Батыс Еуропаның территориясының басым бөлігін алып жатты. Көлемі жағынан V ғасырда жойылған Батыс Рим империясымен теңескендей еді. Ұлы Карлдың қолындағы билік кейінгі Рим императорларының қолындағы биліктен әлдеқайда күшті болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет