21.Предиктивные технологии в практике эксплуатации технологических машин Технологиялық машиналарды пайдалану тәжірибесіндегі болжамдық технологиялар Машина жасау өндірісінің технологиясы әртүрлі технологиялық үдерістердің (құю, қалыптау, термиялық өңдеу, бояу және т.б.) жиынтығы болып саналады. Сонымен бірге машина жасау технологиясы машина жасау өндірісінің соңғы сатысын, яғни дайындамалардың дайын детальға және жинақ бірлігіне айналуын қамтиды.
Машина жасаудың жалпы қағидаларына сәйкес оқулықта машинаны жинау мен оның детальдарын дайындау және жөндеудің сапасына ерекше назар аударылған. Сапа мәселесі машинаны шығару мен жөндеудің технологиялық үдерістерін автоматтандыру негізінде шешілген. Технологиялық үдерістерді құрастыру барысында электрондық есептеу машиналарын пайдалану машина жасау технологиясының ғылым ретінде дамуындағы жаңа саты болып есептеледі. Машина жасау республика экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің әр саласындағы жаңа машиналар мен механизмдерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі осы саланың дамуымен тығыз байланысты болады. Машина жасаудағы технологиялық үдерістерді жетілдіру көлік техникасын жасау саласының жедел дамуына әсерін тигізеді. Көптеген жаңа машиналар жасалды, атап айтар болсақ, жол төсемелерін жылдам салатын шынжыр табанды машиналар жиынтығы, автоматтандырылған бетон және асфальтараластырғыш қондырғылар, өнеркәсіптік тракторлар базасындағы жоғары өнімділікті бульдозер-қопсытқыштар, жүк 4 көтеру крандарының, автомобильдердің, қуатты локомотивтердің жаңа модельдері. Саланың бүгінгі таңдағы шешетін стратегиялық мәселелеріне жаңа техника жасау және тозған негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды іске асыруды жатқызуға болады. Еліміздің көліктік кешеніндегі маңызды мәселелердің бірі – негізгі қорларды, яғни көлік өндіретін заводтардың технологиялық жабдықтарын техникалық тұрғыда жаңарту болып саналады. Қазіргі кезең көліктің арнайы түрлерін, оның ішінде машина жасау мен құрылыс индустриясын осы саладағы шетелдік фирмалармен кооперациялау негізінде сапасы жоғары жаңа көлікті өндіруді дамытумен сипатталады. Механикаландыру саласына қойылатын өндірістік, технологиялық және экономикалық талаптар сан алуан, ал әсіресе нарық жағдайында кереғар пікірлер (мысалы, машинаның қуатын арттыру және массасын азайту) болады, бұл машинаның конструктивтік массасын азайтуға мүмкіндік беретін болаттар мен басқа да материалдардың жаңа да сапалы маркаларын қолдануға жағдай жасайды. Машина жасауда гидравликаланған, автоматтандырылған машиналар өндіру көлемін өсіру жоспарлы түрде жалғасуда. Соңғы жылдары ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасына сәйкес еліміздің көлік саласындағы техникалық оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кеңінен қолға алынған. Қазіргі отандық экономиканың құрылымдарын қайта құру заманында машина жасау өндірісін техникалық қайта жарақтау көлік техникасын жасаудың әлемдік нарыққа сәйкестенген материалдық базасын құруды қамтамасыз етуге тиіс.