3.Толык емес отбасындағы тәрбиелік жағдай кандай куйде болады?
Біріншіден, бұл жалғыз басты ата-ананың қолы бос болмауы салдарынан, өз балаларын құнды тәрбиемен және материалдық жағдаймен толық мөлшерде қамтамасыз ете алмауынан туындайтын материалдық қиындықтар. Тіпті қамтамасыз етілген жалғыз ата-анаға педагогикалық мәселелермен айналысу да оңай емес, себебі ата-анасының біреуінің жоқтығынан бала өз жынысының мінез-құлық стереотипін толық қалыптастыру мүмкіндігінен айырылады. Психиатрияда «әкесі/анасы болмаған жағдайда» деген термин де бар. Осылайша, әкесі жоқ ер бала еркекке тән мінез-құлық, жүріс-тұрыс ерекшеліктерінен үлгі алу мүмкіндігінен шектеледі, соған байланысты еріксіз әйел сипатынан үлгі алады. Мұндай жағдайда, қыз бала үшін де, анасы өзінің аналық және әкелік рөлін қатар алып жүруге мәжбүр.
4.Егіздерге тәрбие беру ерекшеліктерін білесіз бе?
Егіздер дүниеге келгенде көпшілік ата –ана оларды қалай ер жеткізу жайлы ойлайды. Егіздерді психологиялық жетілдіру басқа бір баланы жетілдіргенде, солар бағынған тәртіпке бағынып тәрбиеленгенімен, олардың өздеріне жараса қиыншылықтары бар. Егіздер туылғаннан 5 – 6 айға дейін әрдайым бірге болады және одан кейінгі уақытта олар бір –бірінің эмоцияларын сезе бастайды. Мысалы: біреуі жыласа екіншісіде жылайды. Әрқашанда олардың бір – бірімен тығыз байланыстылығы олардың адам болып қалыптасуына үлкен әсер етеді. Шамамен 3 жастан бастап біргеліктегі ойынында, келешектегі олардың қарымқатынасының негізі қаланады. Бірақ олардың қалай болуы алдымен ата–ана кейін тәрбиешіге байланысты. Өкінішке орай ата –аналар егіздерде тосын сәт оқиғаларын ескере бермейді. Ата-аналардың ең үлкен қателіктерінің бірі ата–аналар егіз балаларды егіз деп емес, оларға бір адамдай қарағандай қарайды. Олардың сырт бейнесі ғана емес ішкі дүниесінде бірдей етуге әрекет жасайды. Көбіне бұндай жағдай бір ұрықтан пайда болған егіздерде болады, яғни біріңғайқыз немесе біріңғай ұл. Бұны медициналық терминде зигод деп атайды. Олар бір – біріне екі тамшы судай ұқсайтын болады. Оларға бірдей көзқараста қарау керек емес, бірдей киім, бірдей ойыншық тіпті бір – біріне жақын, ұқсас ат қоюда керек емес болады. Тағы бір үлкен қателік ата – аналар оларды өздерін жеке бір қоғам деп санап, оларды басқа балалармен, басқа көпшілікпен қарымқатынасқа түсірмей қарайды. Оларға ондай жеңіл көзқараспен қарап үлкен қателік жасайды. Олардың бір -біріне ұқсастығы, қарым –қатынастың тығыздығы оларды тағыда байланыстыра түседі. Уақыт өте келе бұл жағдай олардың болашақта бір – бірінсіз өмір сүре алмайтындай халге жеткізеді. Бұл қоғамда, мектеп ортасында қиыншылық туғызады. Осының салдарынан олар бір – біріне жүктеген жауапкершілікті атқара алмай қалады, себебі олар бір – біріне сүйеніп қалған болады. Кейіншелік тұрмыстық өмірде де олар өз жұптарынан нақ өзінің егізінің сыңарының қасиеттерін күтеді және талап етіп тұрады.
Ең алдымен олардың бір–біріне қатты ұқсас екенін көп айтпау керек.
Оларды бірдей киіндірмеу керек.
Ең маңыздысы олардың жеке қажеттіліктеріне көңіл бөлу, яғни олардың туылғаннан бір–бірінен айырмашылығы бар екенін, сол айырмашылығын сезіндіріп, оларды сыртқа шығаруға көмектесу керек