1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып. Әдеби процесс. Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль. Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық



бет6/10
Дата06.03.2023
өлшемі155 Kb.
#72231
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8-тақырып. Әдеби процесс. Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль. Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық.
Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымы. Көркемдік даму заңдылықтары. Дүние жүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер. Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары. Халықаралық әдеби байланыстар. Көркемдік бағыт. Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар. Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. Көркемдік әдіс. Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы, көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт- идеялық-эстетикалық мәселелер бірлігі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі: реализм және романтизм. Стиль. Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркем форманың қасиеті. Стильдік принциптер.
Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық
Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі. Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі. Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт-санадағы шектелушілік. Қасіретті адам. Бойкүйездік. Орта ғасырлық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырудағы мәні. Дара тұлға. Мінез бен әрекет. Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Баракко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіре асқақтық, үш бірлік ұстанымдары. Шынайы өмірден алшақтау. XVIII ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасатты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар. Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы. Романтизм -әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілдік. Сыншыл реализмнің өмір шындығын қамтудағы мүмкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдарының беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу объектісінің кеңдігі. Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшеліктері. Батыс Еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешеліктер. Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге шынайы көзқарас. Арзан ұраншылдық пен талантты дүниелердегі айырмашылық. Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры. Г.Маркес, А.Карпентьер, М. Астуриас, М.Льоса, т.б. Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт, бағдарлар. Натурализмнің философиялық негізі – позитивизм. Тәжірибе, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э.Золяның «Тәжірибелік роман» теориясы. Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, символизм, футуризм, сюррерализм, абстракционизм, т.б. тенденциялар. Символизмнің үздік өкілдері: Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П-Сартр, А.Сент-Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу, адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары. Модернистік дүниетаным: Ағайынды Гонкурлер мен Э.Золяның импрессионистік қиялдары. Көру, сезіну, оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек қана суреттеу, бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің еркін өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э.Дюжарден), «сана тасқынының» (М.Пруст) имперессионизм эстетикасының өрбуі. Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу. Естілік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г.Апполинер) үндестік. Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасынан өріс алған сюрреализм. Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы «Сюрреализм» журналындағы манифест. П.Элюар үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың» «ақиқаттығы» (А.Бретон). Екінші манифест (1929). Революциялар мен «ғажайыптарға» ғашықтық аңсары. Лирика- негізгі жанр. Антироман өкілдерінің (Ф.Соллерс) сюрреализммен тамырластығы.
Экзистенциализм. Өмірдің мәнін мансұқ ету. Тіршіліктен мағына таппау. Әдеттегі құндылықтардан жатсыну. Ар-ождан тазалығына сенбеу. А.Камюдің «Бөгде адам», Ф.Кафканың «Өзгеру» романдарындағы қалыптасқан тәртіпке қарсылық.
Дәстүр және жаңашылдық. Дәстүр мен жаңашылдықтың ажырамас бірлігі. Дәстүр жалғастығы – аралық буын. Жаңашылдық – талант пен шеберліктің жемісі. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ортақ міндеті. Дара жанрлар. Жанрлық құрылым, баяндау жүйелеріндегі өзгерістер. Миф, аңыз, ертегі жанрларындағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық жанрлардан жалғастық табу мәселесі. Автор мәселесіне байланысты ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясы, кәсіби әдебиеттің айырмашылығ. Фольклорды тудырған орта мен қазіргі жағдай. Бүгінгі романдағы полифонизм элементінің фольклор жанрларындағы баяндау ағзасымен тамырластығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет