1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі



бет1/10
Дата06.03.2023
өлшемі155 Kb.
#72231
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы «Әдебиет теориясы»
Міндетті компонент пәні
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар – 30 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СӨЖ –60
Соның ішінде СӨЖМ - 15
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 90 сағат


Бақылау формасы
Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер
- Қазақ халық ауыз әдебиеті
- Әдебиеттануға кіріспе


Постреквизиттер
- Қазіргі қазақ әдебиеті
- Шетел әдебиеті


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Баратова Мұхаббат Нұржауқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доцент, «Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет


3 Пәні, мақсаты мен міндеттері

Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.




Пәнді оқыту мақсаты:
Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмысын, эстетикалық ойдың даму кезеңдерін, әдебиет теориясының методологиясын, мектептерін, қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдарды, қазақ әдебиеті ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін, көркем әдебиеттің табиғатын, автор, кейіпкер, шығарма, шығармашылық әлемін, әдеби тек, жанр, әдеби процесс, стиль мәселелерін, заңдылықтарын даму сипатын, қағидаларын ұғындыру.


Пәннің міндеттері:
«Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет