Ең жақсы қуаныш – өзгеру..
Автор: Нельсон Мандела
Достық — өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, зор қуаныш — сырыңды айтатын адамының болуы.
Автор: Алессандро Мандзони
Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.
Автор: Антон Чехов
Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.
Автор: Әбу Насыр Әл-Фараби
Рақат іздесең — бейнетінен қорықпа,
Қуаныш іздесең — қайғысынан қашпа.
Автор: Жүсіп Баласағұни
Адам өзіне-өзі неғұрлым мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болғаны.
Автор: Лев Николаевич Толстой
Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
Автор: Аристотель
Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
Автор: Аристотель
Бақыт деген екеудің сыбағасы.
Автор: Пифагор
Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.
Автор: Альберт Эйнштейн
Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.
Автор: Қадыр Мырза Әли
Өз бақытын бағалай білмеген адам бақытсыздыққа ұшырайды
Автор: Ибн Сина
Достарыңызбен бөлісу: |