15) Пациенттің мәселелері стрептококкты инфекциядан соң 1-3 аптадан кейін дамыған қабақтың ісінуі, артериялық қан қысымның жоғарылауы, олигурия, гематурия, протеинурия тән: A) Созылмалы бүйрек жетіспеушлігіне
B)Жедел циститке
C)Жедел пиелонефритке
D)Бүйрек тас ауруына
+E) Жедел гломерулонефритке
16) Балалар урологиясы бөлімшесіне несеп шығару жолдарының туа пайда болған ақауын хирургиялық коррекциялаудан кейін зәр шығарудың функциональды бұзылыстарымен науқас келді. Науқаста никтурия байқалды, никтурия деген не? +A) Түнгі диурездің күндізгі диурезден көп болуы
B)Ауырсынатын, қиын зәр шығару
C)Тәуліктік зәр көлемінің 2 литрден асуы
D)Зәр шығарудың жиілеуі
E) Тәуліктік зәр көленінің 800 мл аз болуы
17) АИТВ-мен ауыратын пациентте антиретровирусты препараттарды 3 аптадан қабылдағаннан кейін лоқсу, әлсіздік, бас ауруы пайда болды. Бұл жағдайда медбикенің іс-әрекеті: A) Дәрі-дәрмекті қабылдауды тоқтату
B)Терапияда үзіліс жасау
+C)Дәрі-дәрмектерді қабылдауды жалғастыру, дәрігерді ескерту
D)Емді ауыстыру
E) Дәрі-дәрмектердің дозасын азайту
18) Қабылдау бөлімшесіне науқас ес түссіз түсті, қарау кезінде терісі салқныдаған, науқас бозарған, анамнезінде 1 типті қант диабеті. Терең шулы сирек тыныспен сипатталатын тыныс түрін көрсетіңіз: +A) Куссмауль
B)Биот
C)Грок-Фрутони
D)Чейна-Стокс
E) Гаспинг
19) Пациентке бұлшық етке антибиотик енгізген соң жағдайы бірден нашарлады: ентігу пайда болды, суық тер басты, науқас есін жоғалтты. АҚ 70/40 мм.сб. Пациентте дамыған асқынудың түрі: A) Естен тану
+B)Анафилактикалық шок
C)Коллапс
D)Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
E) Инфекциялы-токсикалық шок
20) Ас қорыту мүшелерінің мүмкін болатын ауруларын диагностикалау мақсатында адамның нәжісін (микроскопиялық, макроскопиялық, химиялық) зертханалық зерттеу әдісін көрсетіңіз: +A) Копрологияға нәжіс
B)Бактериялық тексеруге нәжіс
C)Құрттар жұмыртқасына нәжіс
D)Жасырын қанға нәжіс
E) Дисбактериозға нәжіс