45) Ойық жарасы бар науқаста эпигастрийда ауырлық сезімі, жүрек айну, “шіріген иіс” кекіру, таңғы уақытта мол құсу, құсық массасында кешегі жеген тамағы. Науқаста не болуы мүмкін? A) Профузды қан кету
B)Ойық жараның тесілуі
C)Ойық жара пенетрациясы
D)Малигинизация
+E) Қақпа (приаратник) стенозы
46) Акушер партограммада “10 минут ішіндегі толғақ санында” 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде? A) Аз күшпен 5 толғақ
B)Орта күшпен 5 толғақ
+C)Жақсы күшпен 5 толғақ
D)Жақсы күшпен 2 толғақ
E) Ретсіз толғақ
47) Босанудың II кезеңі басталып аяқталады: A) Күшену басталғаннан бастап, нәрестенің туылуымен аяқталады
+B)Жатыр мойнының толық ашылуымен басталып, нәресте туылумен аяқталады
C)Жатыр мойнының толық ашылуынан нәрестемен бала жолдастың туылуымен аяқталады
D)Нәресте туылғаннан басталып, бала жолдасының туылуымен аяқталады
48) Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйел адамнан бір қырына жатуын өтінді, үстінгі аяғын созып, ал астыңғы аяғын тізе буыннан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың қандай өлшемін анықтайды? +A) Conjugata externa
B)Conjugata lateralis
C)Conjugate vera
D)Distancia cristarum
E) Distancia spinarum
49) 39-40 аптада босанудың 1 кезеңінде болашақ ана перзентханаға түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудің алдын алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданады? A) 2,0 папаверин б/е
B)1,0 метилоэргометрин б/е
C)1,0 дицион б/е
+D)2,0 окцитоцин б/е
E) 2,0 анальгин т/і
50) Перкуссия түрлерін атаңыз: A) Үстірт
B)Жылжымалы
C)Бимануальді
+D)Салыстырмалы
E) Терең
51) Жеңіл дәрежелі анемия диагностикаланған баланың тамақтану рационы бойынша анасына беретін ұсынысты көрсетіңіз: +A) Ет, балық, субөнімдер, қарақұмық және сұлы жармасын қолдану
B)Сүт, қышқыл-сүт өнімдері
C)Жемістер, көкөніс салатының шинегрет, көкөніс консервіленген қолдану
D)Көкөніс сорпасын, емдәмдік шұжықтар ботқалар, макарон қолдану, тұзды шектеу
E) Ет, балық, субөнімдер, саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдарын шектеу