52) Жүкті әйелдің іш айналымы сантиметрлік лентамен өлшенеді: +A) Горизонтальды қалыпта, кіндік деңгейінде
B)Вертикальды қалыпта, кіндік деңгейінде
C)Горизонтальды қалыпта, мықын сүйектері қырлары деңгейінде
D)Вертикальды қалыпта, мықын сүйектері айдарлары деңгейінде
E) Горизонтальды қалыпта, жатыр түбінің ең жоғарғы нүктесі деңгейінде
53) Қынаптың II-ші тазалық дәрежесіне тән: A) Қынаптық бацилла бар, эпителиалды клетка бар, қышқыл орта
+B)Қынаптық бацилла аз, эпителиалды клетка бар, әлсіз қышқыл орта
C)Қынаптық бацилла өте аз, аздаған лейкоцит, бактериялар бар, әлсіз сілтілі орта
D)Қынаптық бацилла жоқ, лейкоциттер және бациллалар өте көп
54) Науқас К-на , 40 жас ауруханаға есін жоғалтумен және тонико-клоникалық тырысулармен әкелді. Ең тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз: A) Электромиография
B)Реоэнцефалография
C)Ультрадыбыстық допплерография
D)Электроэнцефалография
+E) Эхо-энцефалогрфия
55) Дисфункционалды жатырдан қан кетудің негізгі себебін көрсетіңіз: A) Эндометрий полипі
+B)Аналық без дисфункциясы
C)Жатыр миомасы
D)Цевицит
E) Эндометриоз
56) Қозғалыстың бұзылуы, дененің жарты бөлігінде сезімталдықтың бұзылысы сияқты неврологиялық симптмдарды біріктіретін терминді таңдаңыз: +A) Ошақтық
B)Жалпы милық
C)Реттелетін
D)Реттелмейтін
E) Өнімді
57) Медбике босанудан кейінгі патронажды нешінші тәулікте жүргізеді: +A) Алғашқы 3 күн
B)7 күн
C)14 күн
D)21 күн
E) Алғашқы айдың кез келген күні
58) Нәрестеге 12 ай бұрын босану үйінде БЦЖ вакцинациясы жасалған. Вакцинация жасалғандығын және ағзаның туберкулез микробактериясынан спецификалық қорғанышы бар екендігін білдіретін екпелік реакцияны көрсетіңіз: A) Дақ
B)Папула
C)Қабыршық
+D)Тыртық
E) Везикула
59) Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 11 апталық жүкті әйел келді, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, жыныс жолдарынан аздап қанды бөліністің болуына шағымданады. Айнамен қарауда: мойындық саңылау және жатыр мойнының сыртқы аңқасы жабық. Қай жағдай жайлы ойлауға болады? +A) Басталған түсік
B) Жолдағы түсік
C)Жатырдан тыс жүктілік
D)Толық емес түсік
E) Басталмаған түсік
60) Дәрігер 4 жастағы балаға шақырылды. Анасының айтуы бойынша қызының ауырғанына 1 апта болған, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел мазалайды. Қарауда: дене температурасы 38,9С, қабағының ісінуі, конъктиваның қызаруы, жас ағу, мұрыннан шырышты бөліністер, аңқада гиперемия, жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар көрінеді. Бетінің, мойнының, құлағының артының терісінде, қол мен аяқтың жазу беткейлерінде, саусақтарында дақты папула сипаттағы қызғылт бөртпе, қосылуға бейім. Бала балабқшаға бармайды, екпе алмаған. Қай ауру жайлы болжауға болады? +A) Қызылша
B)Қызамық
C)Скарлатина
D)Коксаки вирусы
E) Инфекциялық мононуклеоз
61) Анамнезінде бір апта бойы ауырады. Объективті қарағанда: ауырсыну және интоксикациялық синдром, су-электролит бұзылыстарына байланысы жағдайы ауыр. Ішін қарағанда Валя, Шланге, Скляров симптомдары оң мәнді. Бұл клиникаға сәйкес ауруды атаңыз: A) Жедел панкреатит
+B)Жедел ішек өтімсіздігі
C)Жедел холецистит
D)Асқазанның ойық жарасы
E) Жатырдан тыс жүктілік
62) Балабақшада 3 жастағы баланың дене температурасы 37,8С дейін жоғарылаған, мұрынның бітелуі, бетінің, төсінің, арқасының, аяқтарының терісінде, бастың шаштық бөлігінде мөлдір құрамды сұйықтықты кіші көпіршіктері анықталды. Аңқасы аздап гиперемияланған. Қай ауруды болжауға болады? +A) Желшешек
B)Скарлатина
C)Қызылша
D)Қызамық
E) Аллергиялық дерматит