1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет3/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

12-сұрақ
12-Шырышты қабыққа биологиялық материал түскен жағдайда әрекет ету алгоратимі
Ластанған арнайы киімдерді сыртқы жағынан ішкі жағына қарай шешу 1% лизофармин ерітіндісіне 1 сағатқа саламыз . Биологиялық сұйықтық қалдықтарды тампонмен сүрту . Тампонды арнайы ыдысқа салу керек . Теріні сабынмен жуу . Ундиканың ішіне әлсіз 0,5 калий протаргал ерітіндісін сорып алып мұрынның шырышты қабатына тамызамызда астаушаға еңкейтеміз . Процедурны бірнеше рет қайталаймыз .
Қан мен биологиялық сұйықтықтардың халатқа бейкейлерге тиген жағдайда әдістемемен нұскаулықтарға сәйкес заттармен дезинфекция жасайды . Өте кәуіпті жағдайда шұғыл түрде В гепатитінің вирусына қарсы вакцина жүргізеді.
13-сұрақ
13. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дизинфекциялаудан жүргізу .
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолданғаннан кейін зарарсыздандыру химиялық, ыстық бу және ыстық ауа әдістерінің бірімен стандартқа сәйкес зарарсыздандыру
I Кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал – саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал – саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал – жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
14-сұрақ
14 .Стерильденген бұйымдарды сақтау мерзімі
Стерильдеу процесінде ерітінділердің температурасы ұсталмайды.Дезинфекциялау ерітіндісіне бұйымдарды батыру үшін шыныдан, пластмассадан жасалған немесе эмальмен қапталған ыдыстар пайдаланылуы тиіс. Стерильдеуді сүзгісіз стерильдеу қораптарында немесе сүзгісі бар стерильдеу қораптарында немесе бөзден не пергаменттен, қаптама қағаздан, ылғалға төзімді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, булау стерилизаторында бекемделген қағаздан жасалған екі қабатты жұмсақ орамада жүргізеді.Сүзгісі бар қораптарда стерильденген бұйымдарды сақтау мерзімі – жиырма тәулік (ашылмаған қорапта), қалған орамада – үш тәулік (ашылмаған орамада). Ауамен стерильдеу әдісі (құрғақ ыстық ауа)Стерильдеуге құрғақ бұйымдар жатады. Стирильдеуді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, ылғалға төзімді қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, аса берік орама қағаздан, бекемделген қағаздан, бекемделген екі қабатты қағаздан жасалған орамада немесе ауа стерилизаторында ашық ыдыста орамасыз жүргізеді.. Орамасыз стерильденген бұйымдар стерильдеуден кейін тікелей, оралған түрінде үш тәулік ішінде пайдаланылады
15-сұрақ
15.Обаға қарсы костюмнің II типті костюмі және оларды қолдануға арналған көрсеткіштер
Обаға қарсы костюмнің екінші типі тұрады: пижама немесе комбинезон, үлкен бас орамал (капюшон), обаға қарсы халат, мақталы-марлыдан жасалған маска, резеңке қолғап, шұлық, резеңке етік, орамал.
Мақсаты: обаға қарсы костюмнің екінші типі қолданылады:
1. Маймыл шешегімен ауыратын науқастары бар ауруханада және аурухана провизорында жұмыс кезінде;
2. Обаның бубонды түрінде, тырысқақ, маймыл шешегі ошағында күнделікті және қорытынды дезинфекция жүргізуде;
3. Тырысқақтан, маймыл шешегінен қайтыс болған мәйітті ашқанда;
4. Маймыл шешегіне күмәнданған науқастардан материал алғанда.

16-сұрақ
16.Қорытынды дизинфекцияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар .
Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік ұйымдарының дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелер) жүргізеді. Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығуы немесе қайтыс болуы кезінен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады. Инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды жүргізуге өтінімді науқасты оқшаулағаннан, емдеуге жатқызғаннан кейін, диагноз өзгертілген соң, науқас қайтыс болғаннан кейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының маманы халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың бөлімдеріне (бөлімшелеріне), дезинфекциялық станцияларға, обаға қарсы күрес мекемелеріне телефон арқылы береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет