90-сұрақ Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Денсаулық сақтау объектілерінен медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және әкету Денсаулық сақтау объектісінің басшысы бекіткен қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады, онда: 1) сыныптар бойынша түзілетін қалдықтардың құрамы; 2) медициналық қалдықтарды жинау тәртібі көзделеді; 3) қалдықтарды зарарсыздандырудың (залалсыздандырудың) және жоюдың қолданылатын тәсілдері; 4) қалдықтармен жұмыс істеу схемасы; 5) қалдықтармен жұмыс істеу кезінде персоналды эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында Денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты адам тағайындалады. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады. Металл және пластик ыдыстар, қауіпті қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер тығыз жабылады.