1. Педагогика әдіснамасының мәні туралы көзқарастардың ерекшеліктері неде?



бет3/6
Дата20.10.2022
өлшемі22 Kb.
#44445
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аралық бақылау 1

Педагогикалық зерттеудің түрлері.
Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды.
Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді.
Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады.
Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді:
1) зерттеу міндеттері — ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады.
2) зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді.
3) зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның мекен-жайы – ғылыми және
тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды.
4) құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.
Педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады.
Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
— ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық–дүниетанымдық, логикалық–гносеологиялық, құндылықты–нормативті ұстанымдар,философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);
— теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);
— әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);
— логикалық негіз(формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі);
— эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет