1. Педагогика әдіснамасының мәні туралы көзқарастардың ерекшеліктері неде?


Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері



бет5/6
Дата20.10.2022
өлшемі22 Kb.
#44445
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аралық бақылау 1

Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері.
Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі.
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу –зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мұғалімдердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.

3. Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттеріне; тақырыбы, объектісі, пәні, өзекті мәселесі, мақсаты, міндеттері, болжамы салыстырмалы талдау жасау.
Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері. Ғылыми әдіс – ғалымдардың өзінің зерттеу жұмысында пайдаланатын категориялардың, құндылықтардың, реттеуші ұстанымдардың, білім беру модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі.
Ғылыми әдіс – ғалымның назарын аударған шынайы болмысты зерттеудің құралы.
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері: үлгілеу, идеалды нысандарды құру жатады.
Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты немесе түрде ол кез келген зерттеуде қолданылады.
Ғылыми зерттеу бағдарламасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы жағынан сипатталады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2) теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет