1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Оқыту процесі және концепциялары. Оқыту процесін құрайтын құрылымдар



бет11/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

15.Оқыту процесі және концепциялары. Оқыту процесін құрайтын құрылымдар.
Оқыту процесі – тәлім –тәрбиелік қарым–қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі –бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер –мазмұн –әдістер –құралдар– түрлер.
Мақсат –ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер–мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру –қабылдауға арналған іс–әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс –әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижелі талдау.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақату, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш–қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).

16. Оқыту мен даму проблемалары және оларды шешудегі негізгі бағыттар.
Оқыту мен психикалық даму проблемалары:
˅ Даму мен оқыту ұғымдарының өзара қатынас проблемалары;
˅ Оқыту, тәрбие, даму ұғымдарының өзара байланыс проблемалары;
˅ Оқу процесінде жеке тұлғаның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму проблемалары;
˅ Дамудағы сензитивті кезеңдер проблемалары;
˅ Оқыту процесінде психикалық дамудың көрсеткіштері мен критерийлері проблемалары;
˅ Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары мен тенденциялары.
Оқыту және даму проблемаларын шешудегі негізгі бағыттар
• Дамытушы ретінде оқу іс-әрекеттерін анықтау;
• Балалардың ақыл-ойын жоғары деңгейге жеткізетін оқытудың нақты формаларын анықтау;
• Оқытудың мазмұнын өзгертуге басты назар аудару (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов);
• Оқытуды дамыту тиімділігінің оны жан-жақты жетілдіру арқылы жүзеге асырылуы (Л.В. Занков және т.б.);
• Ақыл-ой әрекеті құралдарын өзгерту арқылы меңгеру тиімділігінің артуы (Н.А. Менчинская, Д.И. Богоявленский, Е.Н. Кабанова-Меллер т.б.);
• Интеллектуалдық дамуға ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасуы әсерін зерттеу (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина т.б.);
• Әр түрлі оқыту әдістерінің әсерін зерттеу (Б.Г. Ананьев, А.А. Люблинская т.б.);
• Проблемалық оқытудың рөлін зерттеу (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет