7.Педагогикалық психологияның Қазақстанда дамуы (М.Мұқанов, С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, т.б.) Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының дамуына академик Т. Тәжібаевтың шәкірті Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың қосқан үлесі зор болды. М.М. Мұқанов республикада тұңғыш психология ғылымдарынан докторы ғылыми дәрежесіне ие болған ғалым еді. М.М. Мұқанов оқу-тәрбие психологиясына, білім берудің жас ерекшелікке байланысты психологиялық астарларына қатысты «Педагогикалық психология очерктері» (1962 ж.); «Жас және педагогикалық психология» (1982 ж.) сияқты көптеген осы кезге дейін теңдесі жоқ 200-ден астам еңбектер жазған. Сонымен қатар, М.М. Мұқановтың өзі адамның тұлға және маман ретінде дамуын зерттеп, жетілдіруге үлес қосқан талай шәкірт дайындаған.
Қазақстандағы психология ғылымында мектептер өте аз, ал соның ішінде негізгісі психология ғылымдарының докторы, профессор Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлының құрған мектебі. Психология ғылымдарының докторы С.М. Жақыповтың ғылыми жұршылыққа кеңінен танымал,психология ғылымына қосқан үлесі зор еңбегі - «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты монографиясы мен диссертациясы. еңбегінің өзектілігі оқыту процесінің тиімділігін психологиялық қамтамасыз етумен байланысты. С.М.Жақыпов «Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-әрекетін басқару» (2002 ) деген келесі бір кітабында оқыту процесіндегі студенттердің танымдық іс -әрекетінің қалыптасуы мен дамуының психологиялық механизмдері ашып көрсетеді. С.М. Жақыповтың қаламынан педагогикалық психология мәселелеріне қатысты қазақ және орыс тілінде бірнеше еңбектері жарық көрді [68-70; 89-90]. Солардың ішінен маңыздыларын атап өтсек: «Мектептегі психологиялық қызмет» (Н.К. Кажитаевамен бірлесіп, 1989), «Танымдық іс- әрекет психологиясы» (1992), «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» (2004), «Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер: оқу-әдістемелік құрал» (Ф. Бизақовамен бірлесіп, 2006), «Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы» (2008) және т.б. Бұлардың бәрі бүгінгі білі беру жүйесінде кең қолданылып жүр.
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарыңда профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынғаң кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз. Ғалым еңбектері психология тарихи және этнопсихология мен ғана шектелмейді. Ол сондай-ақ педагогикалық, жас ерекшелік, әлеуметтік этностық психология салаларында жарық көрген, көптеген енбектердің авторы. Қазір ол философия және саясаттану факультетіндегі 14 жалпы жэне этникалық психология кафедрасының профессоры, 900-ге жуық мақалалардың, 60-тан астам жеке еңбектердің авторы. Бұлардың ішіндегі көлемділері: «Қазақстанда психологиялық ой-пікірлердің дамуы» (1968), «Қазақ психологиясының тарихы» (1996), «Қазақтың тэлімдік ой-пікір антологиясы» (1994-1998), «Қазақстандағы ғылыми психологиясының қалыптасуы мен дамуы» (2002-2006), «Жантану атауларының түсіндірме сөздігі (2006), «Ж. Аймауытовтың психологиялық көзқарастары» (2006), «Халел Досмухамедовтың, психологиялық көзқарастары» (2008) т.б. деп аталатын монографиялар мен педагоггік училище мен педагогикалық институттарға арналған «Психология» окулықтары (1962, 1970, 1982, 1994, 2002, 2005, 2006, 2008).