1. Пән жөнінде ақпарат


Тақырып 13: 20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары



бет7/36
Дата14.10.2023
өлшемі105,4 Kb.
#114576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
нов. Қазақстан тарихы қазақша Sillabus-2022

Тақырып 13: 20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
Дәріс тезистері. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы. Партия шешімдеріндегі тенденциялық волюнтаристік әрекеттер. И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасыжәне оның үстірт сипаты. Ұлттық мәселелердегі шектеулердің күшейтілуі. Теміртау оқиғалары. Реформалық әрекеттердің толық емес сипаты. Қазақ КСР-дегі аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – ұлттық мүдделер орталығына немқұрайлы қараудың мысалы. Репатриант қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962).
Тақырып 14: Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.
Дәріс тезистері. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.
Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік бірегейлікті дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет