Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,3 + емт 0,3
3. Курстың академиялық презентациясы Оқу курсының түрі: МК/ВК/ТК Пәннің мақсаты: омыртқалы жануарлардың биологиясын, морфологиясын және көптүрлілігін, олардың биосферадағы рөлін зерттеу.
«Омыртқалы жануарлардың биологиясы, экологиясы, систематикасы» пәнінің негізгі міндеттері ББ бойынша оқытудың мынадай нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
- организмдердің жүйелі тобы мен функционалдық мақсатын ескере отырып, жануарлар организмінің әртүрлі жүйелерінің құрылысы мен дамуының жалпы биологиялық заңдылықтарын білу; - негізгі биологиялық ұғымдарды, заңдылықтар мен құбылыстарды, жануарлардың негізгі жүйелі топтары арасындағы филогенетикалық байланыстарды түсіну; - жағдайды бағалау және белгілі бір контексте оңтайлы шешім қабылдау үшін биологиялық білімді пайдалану тәсілдері туралы ойларды жалпылау; - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда алған білімдерді қолдану; - жануарлар дүниесінің түрлері мен ірі таксондарын, тіршілік ету жағдайларын және жануарлардың жүйелі топтарының жалпы таралуын сипаттаудағы білімін талдау/синтездеу; - білім беруді жаңғыртудың заманауи талаптарына сәйкес зоологиялық білімді бағалау; - пәнді оқыту процесінде қалыптастырушы, жиынтық бағалауды, зоологиялық білім саласындағы зерттеу нәтижелерін қолданады және өзінің оқу іс-әрекетіне рефлексия, өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады, одан әрі білім беруді өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгереді.
4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабақтан себепсіз қалу 0 балмен бағаланады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсырмаларды орындау мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл ретінде балдары шегеріліп бағаланады.