Зертханалық жануарлардың түрлері. Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы. Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту



бет1/3
Дата09.05.2022
өлшемі17,55 Kb.
#33800
  1   2   3
Байланысты:
5 Дәріс


Дәріс № 5. Зертханалық жануарлар.
1 Зертханалық жануарлардың түрлері.

2 Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы.

3 Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту.
1 Зертханалық жануарлардың түрлері.

Зертханалық жануарлар - деп арнай зертхана немесе питомник жағдайында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өндірістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.

Зертханалық жануарларды ауруларды балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін зерттеу үшін қолданды.

Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыз.

Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жатады. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар).

Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор.

Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданылады.

Барлық омыртқасыз зертханалық жануарлар аурудың дамуын, өту кезеңін және емдік шараларын зерттеу үшін қолданылады. Зертхана жағдайында омыртқасыз жануарлар арнайы колбаларда, пробиркаларда ұсталады.

Омыртқалы зертханалық жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханада немесе питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс: ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар, иттер, маймылдар және т.б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс: суырлар, балықтар және т.б. Сондай- ақ зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс: тауықтар, көгершіндер, бөденелер т.с.с.

Кей жағдайда биологиялық эксперименттер үшін ауылшаруашылық малдары қолданылады, мыс: қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек және т.б.

Кез келген дәрі дәрмек, түрлі химиялық қосылыстар қолданысқа түспес бұрын әр түрлі зерттеулерден өтеді. Яғни олардың адам немесе мал организміне әсерін білу үшін, ең алдымен зертханалық жануарларда фармакологиялық, токсикологиялық, радиологиялық, онкологиялық және т.б. зерттеулер жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет