Байланысты: Cиллабус. Есту қабілеті зақымдалған балаларды кешенді зерттеудің тұғырлары
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Пәннің мақсаты: білім алушылардың есту қабілеті зақымдалған балаларды зерттеудің кешенді тұғырлары туралы теориялық білімдерін кеңейту.
Пәннің негізгі міндеттері:
есту қабілеті зақымдалған балаларды зерттеудің кешенділігі;
есту қабілеті зақымдалған балаларды диагностикалау;
есту қабілеті зақымдалған балаларды зерттеуге кешенді ықпал ету жолдарын айқындау
есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеу, оқыту бойынша мақсатқа бағытталған, кешенді жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру;
магистранттарға есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын меңгерту.
«Есту қабілеті зақымдалған балаларды зерттеудің кешенді тұғырлары» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- Есту қабілеті зақымдалған балаларды зерттеудің кешенді тұғырлары пәнін, міндеттерін;
- есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін;
- есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен формаларын;
-сурдопедагогикада қолданатын ғылыми зерттеу әдістерін;
Есту қабілеті зақымдалған балаларды әлеуметтік интеграциялау және оңалту әдістері туралы білім және түсініктерін қалыптастыру.
Есту қабілеттері зақымдалған балалардың тұлғалық даму заңдылықтарын айқындау;
Психологияның негізгі салаларын;
Есту бұзылыстары бар балалар мен еститін балалардың психикалық дамуына ортақ заңдылықтарды;
Ойлаудың түрлерін және оның есту бұзылыстары бар балаларда қалыптасу спецификасын;
Арнайы білім беру ортасында психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әрекеттердің қалай дамитындығын;
Есту қабілетінің зақымдалуына әсерін тигізетін негізгі себептерді;
Психологиялық зерттеуде қолданылатын әдістердің түрлерін;
Магистрант:
Есту қабілеті зақымдалған балаларды зерттеу жұмысын жүзеге асыруды;
Есту қабілеті зақымдалған балаларды мақсатқа бағытталған, кешенді оқыту, тәрбиелеу және түзету жұмысын жоспарлау және жүзеге асыруды; Арнайы білім беру ортасында есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуларының ерекшеліктерін ескере отырып, оларға тармақталған психологиялық қызмет көрсетуді білуі керек;
Өз практикасында теориялық білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Арнайы білім беру ортасында есту бұзылыстары бар тұлғалардың психикалық қасиеттері қалай қалыптасатындығын меңгеруі керек.