1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы


Реферат бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет18/19
Дата16.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#140273
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1510937651370 Философия силлабус каз. 2020

Реферат бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жұмыстың мазмұны тараулар мен бөлімдерден (параграфтар) тұрады. Оларда құрылымдық элементтерге сипаттама жасалады. Мұнда ескеретін жай, сипаттаманың (мазмұнын ашу) жалпы категориялардан жеке категорияларға ауысуы, яғни бірінші негізгі, жалпылама түсініктемелер беріліп одан кейін оларды даралап көрсету.
Бұл жұмыс әлеуметтік әдебиеттермен, арнаулы монографиялармен, мерзімді басылымдармен терең танысқаннан кейін, шығармашылық жұмыстармен айналысу кезінде жинақталған материалдарға талдау негізінде жасалады.
Студентке ескертетініміз: әлеуметтік кітаптарда аталған сала институттары, категориялары әлеуметтік доктринада танылған деңгейде, жалыпылама сипатталады. Ал әртүрлі ғалым-заңгерлердің жекелеген әлеуметтік проблемаларды зерттеу нәтижелері монографиялар мен ғылыми мақалаларда ағымдық басылымдар мен арнайы заң газет-журналдарында орын алады.
Мерзімді басылымдар жаңа, тың идеялардың, ағымдардың бастау көзі. Мысалы, қазір әлеуметтік мұра бағдарламасын жалғастыру, әлеуметтік заңнаманы ары қарай жетілдіру проблемалары көп талқылануда. Осының барлығын ескере отырып, реферат жазуға дайындау кезінде аталған көздердің барлығымен танысып, талдау жасаған жөн.
Белгілі бір тақырыптарды қарастырған кезде салыстырмалы мәдениеттану әдісін, яғни алыс-жақын шет мемлекеттердің тәжірибесін, ұқсас институттарын зерттеу, салыстыру біздегі артықшылықтар мен кемшіліктерге көз салуға көмектеседі. (Студенттің қалауы бойынша рефератты қолмен немесе басқа техникалық құралдарды пайдаланып жазуына болады)
Осының барлығы студенттің білімін тереңдетуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландырады.


1. реферат құрылымы:

  • бірінші беті

  • мазмұны

  • кіріспе бөлім

  • негізгі бөлім

  • қорытынды бөлім

  • қолданған әдебиеттер тізімі

2. Мазмұнына қойылатын талаптар:

  • мазмұнында беттері көрсетілуі керек

  • кіріспе бөлімі тақырып өзектілігінен, әдебиеттерге шолу жасаудан, мақсаты мен міндеттерінен тұрады (мөлшермен 1,5 – 2 бет)

  • негізгі бөлімінде тақырыптың негізгі теориялық жақтары толық ашылуы тиіс (көлемі – 15 беттей)

  • қорытынды бөлімде тақырыптың тұжырымы жазылады (көлемі – 1-2 бет)

  • әдебиеттер тізімі қолданылу реті бойынша жазылады

3. Талаптары:

  • реферат А4 форматты бетте компьютерде терілуі немесе әдемілеп қолдан жазылуы қажет

  • рефераттың көлемі – қолдан жазылса 20 беттей болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет