1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы



бет1/19
Дата16.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#140273
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1510937651370 Философия силлабус каз. 2020








1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы
Философия

Пәннің коды

Кредит саны
3

Курс 1-2
Семестр 1,2,3,4

Мамандық атауы



Барлық мамандықтарға арналған

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Тарих, филология, және халықаралық
қатынастар факультеті

Оқу түрі: күндізгі

Оқыту тілі – қазақ

Пәнді өткізу уақыты және орны: оқу кестесіне сәйкес

Кеңес беру уақыты – жеке кесте бойынша

Рейтинг кестесі: 7 және 15 апта

Кафедра оқытушылары

Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)






  1. Алғы сөз

«Философия» пәні бойынша философиялық емес мамандыктардың студенттеріне арналған типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпығаортақ білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.
Пәнді оқытудың мақсаттары:
Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты - болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
• философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;
• болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;
• пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету болып табылады.
Пререквизиттер:



Пәндердің атауы

1

Дүниежүзі тарихы

2

Қазақстан тарихы

3

Мәдениеттану

4

Этнопсихология

5

Экология

6

Экономикалық теорияның негіздері

7

Логика

Постреквизитгер:



Пәндердің атауы

1

Әлеуметтану

2

Саясаттану

3

Психология

4

Педагогика

5

Дінтану

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының атауы

Апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар
лығы (с.)

Дәріс (с.)

Пр/сем./
студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

1

Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі.

1, 2

4

2

2

6

16

2

Сана, жан және тіл.

3

2

2

1

6

11

3

Болмыс. Онтология және метафизика.

4

2

2

2

6

12

4

Таным және шығармашылық.

5

2

1

2

6

11

5

Білім, ғылым, техника және технологиялар.

6

2

1

1

6

10

6

Адам.

7

2

1

1

5

9

7

Өмір және өлім. Өмірдің мәні.

8

2

2

2

5

11

8

Этика. Құндылықтар философиясы.

9

2

2

2

5

11

9

Еркіндік философиясы.

10

2

1

2

5

10

10

Өнер философиясы.

11

2

1

2

5

10

11

Қоғам және мәдениет.

12

2

1

2

5

10

12

Тарих философиясы.

13

2

1

2

5

10

13

Дін философиясы.

14

2

1

2

5

10

14

«Мәңгілік ел» мен «Рухани жаңғыру» –Қазақстанның жаңа философиясы.

15

2

2

2

5

11

Барлығы

30

20

25

75

150

6. Дәріс сабақтарының мазмұны




1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі.

Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия «даналыққа құштарлық» ретінде. Философия және диалог. Философияның эвристикалық мүмкіндіктері. Сын және күмән ретінде ойлаудың философиялық түрі. Өткенге сыни көзқарас қазіргі Қазақстанның ұлттық санасындағы өзгерістер мен рухани жаңғырудың шарты ретінде. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.

Философия және дүниеге көзқарас (дүниетаным). Әлемнің ғылыми, философиялық және діни бейнесі (суреттемелері). Мифология, дін және философияның арақатынасы. Қоғамдық дамудағы мифтердің рөлі. Философия білімнің ерекше саласы және рухани қызметтің ерекше түрі ретінде.

Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы – онтология, гносеология (таным теориясы), философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философия.

Философияның анықтамаларының, формалары мен бағыттарының көптүрлілігі және философиялық ой-сананы жүзеге асыру тәсілдерінің саналуандығы. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешудің біртұтастығы. Адам және қоғам өміріндегі философия және философ. Қазіргі Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі.




2. Сана, жан және тіл.
Жан, ақыл, парасат, рух. Антика философиясындағы жан мен ақылдың космологизмі. Аристотель «Жан туралы». Фәлсафа дәстүріндегі жан ұғымы: Ибн-Сина жан туралы. Орта ғасыр дәуіріндегі жан мен рухтың теологиялық интерпретациясы (түсінігі). Сананың гносеологиялық модельдері. Жаңа еуропалық философиядағы туа біткен идеялар тұжырымдамасы және cogito мәртебесі. Неміс классикалық философиясындағы ақыл-ойдың трансценденттік негіздері. Шәкәрімнің «Үш ақиқаты». Шәкәрім жан туралы. Адамның рухани қызметі мен рухының табиғаты. Тән (дене) және руханилық.
Сана онтологиялық мәселе ретінде. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың пайда болуы мен мәні: негізгі тұжырымдамалар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сананың құрылымы. Бейсаналық, сана, сана үсті (сверхсознание). Философиядағы бейсаналықтың негізгі концепциялары (З. Фрейд, К. Г. Юнг). Постмодернистік философиядағы сана мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. Делез). Сана және өзіндік сана. Сана және ұлттық сана. Қазіргі Қазақстанды рухани жаңғырту контекстіндегі ұлттық сана-сезім.
Ойлау және тіл. М. Қашқаридың тіл философиясы. ХХ ғасыр философиясындағы «лингвистикалық бетбұрыс»: сана философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық және құрылымдық интерпретациясы). Тіл және ұлт. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі-қазақ ұлтының рухани жаңаруындағы өркениеттік бетбұрыс.


3. Болмыс. Онтология және метафизика.
Болмыс және тіршілік ету (өмір сүру). Болмыстың мәні.
Онтология - болмыс туралы ілім. Тіршіліктің (жаратылыстың) онтологиялық құрылымы. Болмыс және бейболым (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон және Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері. Әл-Кинди және Ибн Рушдтың фәлсафасы. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Декарт, Спиноза, Лейбниц). М. Хайдеггердың «фундаменталды онтологиясы». «Материя» ұғымы. Материалдық әлемнің болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Шәкәрім қозғалыс туралы.
Философияның негізгі ұғымдары: мән, құбылыс, жеке, ерекше, жалпылық; бүтін, бөлік, сапа, сан, өлшем, терістеу, форма, мазмұн; себеп, салдар; қажеттілік, кездейсоқтық; мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Абайдың дүниетанымында Құдай және адам болмысы.
«Идея» ұғымы. Платон. «Эйдос» туралы ілім. Болмыс пен ойлаудың арақатынасы мәселесі. Идеялар мен рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды реалдық (шындық) философиялық пайымдау мәселесі ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет